Қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2026 жылғы ІІI тоқсан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы талдамалық анықтама
1. Мемлекеттік қызметтер түрі:
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
- «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау»;
- «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру».
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамалар:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы
21 сәуірдегі №29 бұйрығымен бекітілген «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
- Агенттік төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі №6 бұйрығымен бекітілген «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саны мен сапасы бойынша ақпарат:
1) «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет бойынша:
«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау» мемлекеттік қызметі электрондық түрде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде (https://elicense.kz/) жүзеге асырылады.
2026 жылдың ІІІ тоқсанында 47 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- 28 өтінішхаттар есепті кезеңде қаралды (келісім берілді – 7, мәміле сұрау салуға және талдау жүргізуге байланысты тоқтатылды – 18, монополияға қарсы органның келесімін талап етпейді – 3 );
- қаралуда – 3;
- 2026 жылдың І және ІІ тоқсандарында келіп түскен 16 өтінішхат бойынша экономикалық шоғырлануға келісімдер берілді.
2) «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша:
«Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі электрондық түрде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде (https://elicense.kz/) жүзеге асырылады.
2026 жылдың ІІІ тоқсанында «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша тауар биржасы қызметіне 1 лицензия берілді:
- тауар биржасы секторындағы клирингтік қызметті жүзеге асыруға 0 лицензия;
- тауар биржасы саласында делдалдық қызметті жүзеге асыруға 1 лицензия.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
«Мониторинг» ИАЖ-не сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзу және көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.