Атырау облыстық мәслихатының
2023 жылғы 30 наурыздағы № 9-VIII
«Атырау облыстық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 9-VIII «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына және Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 206-VI «Атырау облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімінің 79-тармағына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
қосымшада:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Б.Каметов