Қаратал ауданының әкімі Ұ. Досымбековтың 2026 жылғы 13-15 қазан күндері аралығында аудан тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

№ р/с

Сұрақ

Проблемалық мәселелерді

шешу шаралары

 

Мерзімі

Жауаптылар

Айту би ауылдық округі

1

 

 

 

Жанысбай Бабай, Көкпекті ауылы, Жанысбайұлы к-сі №1 үйдің  тұрғыны

 

Көкпекті ауылының Сейфуллин көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын қашан аяқтау  туралы

Көкпекті ауылындағы Сейфуллин көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау мәселесін пысықтап, қалған жұмыстардың көлемін анықтау, қажетті құжаттарды әзірлеу және жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мен орындау мерзімдерін айқындау бойынша халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2026 жыл, қазан

А.Қасымжанов

М.Бөлекбаев М.Сағатбеков

2

Уалиев Асылжан Алтынбекович, Көкпекті ауылы, Байсеитова к-сі №13 үйдің тұрғыны

 

Су мұнарасын «Қаратал Таза Су» мекемесінің теңгеріміне беру, ауызсу тарифін белгілеу және су қысымын арттыру туралы

 2.      Су мұнарасын «Қаратал Таза Су» мекемесінің теңгеріміне беру жұмыстарын жеделдету, сумен жабдықтау жүйесінің жағдайына талдау жүргізу, су қысымын арттыру бойынша қажетті жұмыстардың сметасын әзірлеу және ауызсу тарифін белгілеу мәселесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастыру

2026 жыл, желтоқсан

А.Қасымжанов

М.Бөлекбаев

М.Жексенбаев М.Сағатбеков

3

Бейсекенова Галия Нуржановна, Жасталап ауылы, Абай к-сі №09 үйдің тұрғыны

 

Табиғи газ бағасы не себепті өсіп жатыр?

 

Газбен жабдықтаушы ұйымнан Қаратал ауданы бойынша табиғи газдың қолданыстағы тарифі, оның өсу себептері және тарифтің құрамдас бөліктері туралы ресми ақпарат сұрату. Алынған ақпарат негізінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу

2026 жыл, қазан

М.Сағатбеков

Бастөбе ауылдық округі

4

Сейтказинов Ермек  Нургамитович, Бастөбе ауылының тұрғыны.

 

Бастөбе ауылдық округіндегі Р-27 су бұру каналын тазалау жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету туралы

Бастөбе ауылдық округіндегі Р-27 су бұру каналының жай-күйін зерделеп, тазалау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы тиісті акт әзірлеу. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына канал тазалау жұмыстарына бюджеттік қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы ресми хат жолдау.

қараша,

2026 жыл

С. Үсенов

И.Саяқбаев Э.Ким

5

Цой Наталья Моисеевна, Бастөбе ауылының тұрғыны

 

Бастөбе ауылындағы Гастелло және Комаров көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру туралы           

2.       Бастөбе ауылындағы Гастелло және Комаров көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру қажеттілігін зерделеп, жоспарланған жұмыстардың көлемі мен қажетті қаржы мөлшерін анықтау. Аталған мәселені 2027 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қарастырып, тиісті қаражат бөлу мүмкіндігін пысықтау

қараша,

2026 жыл

А.Қасымжанов Ф.Бөлекбаев

Э.Ким

6

Кабылбекова Гульнар Советовна, Бастөбе ауылының тұрғыны

 

Бастөбе ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салу туралы

Бастөбе ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салу қажеттілігін зерделеп, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті қаржы көлемін анықтау. Жобаны іске асыру үшін бюджеттік өтінім жолдап, қаржыландыру мәселесін тиісті деңгейде қарастырылсын, сондай-ақ демеушілер мен инвесторларды тарту мүмкіндігін пысықтау

желтоқсан,

2027 жыл

А.Оңғаров Б.Құмаров Ф.Бөлекбаев

Э.Ким

Елтай ауылдық округі

7

Қосжанова Гүлдана, Сарыбұлақ ауылының тұрғыны

Мәдениет үйіне жиһаз алып беру туралы

Мәдениет үйіне қажетті жиһаздарды сатып алу мәселесі бойынша директорға, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі арқылы бюджеттік өтінім беру тапсырылады. Бюджеттік өтінім белгіленген тәртіппен қаралып, қаржыландыру мүмкіндігіне қарай тиісті шаралар қабылдау.

қазан                   2026 жыл

А.Онгаров

А.Алпысбаев           А.Забиев

Ескелді ауылдық округі

8

Шин Елизавета Ильинична, Ескелді ауылының тұрғыны.

 

Ескелді ауылындағы Р. Қошқарбаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Ескелді ауылындағы Р. Қошқарбаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы өзектендіріп, қажетті құжаттармен толықтыра отырып, облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінімді қайта жолдау және жобаны қаржыландыру мәселесін алдағы бюджетті қалыптастыру кезінде қарастыру үшін тиісті ұсыныс енгізу

қараша

2026 жыл

А.Қасымжанов

Ж.Теңелбаев

Д.Адаев

Т.Балшенов

9

Ескелді ауылындағы Жансүгіров және Болашақ көшелеріне көше жарықтандыру жүйесін орнату туралы

Ескелді ауылындағы Жансүгіров және Болашақ көшелеріне көше жарықтандыру жүйесін орнату бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеп, ауданның экономика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бюджеттік өтінім жолдау және жобаны 2027 жылға арналған бюджеттік жоспарға енгізу мәселесі қарастыру

қараша                      2026 жыл

А.Қасымжанов

Ф.Бөлекбаев

Т.Балшенов

10

Мәдениет үйіне кондиционер алып беру туралы

Мәдениет үйін кондиционермен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Мәдениет үйінің директоры арқылы ауданның Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне белгіленген тәртіппен бюджеттік өтінім ұсынуды ұйымдастыру және қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру

қазан                      2026 жыл

А.Оңғаров

А.Алпысбаев

Т.Балшенов

Жолбарыс батыр ауылдық округі

11

Манакбаев Ерлан Ошахбаевич,

 Кәлпе ауылының тұрғыны

 

Кәлпе ауылы, Рыскулов және Мечиев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Аталған көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жұмыстардың көлемін анықтап, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Дайындалған сметалық құжаттама негізінде ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экономика бөлімдеріне бюджеттік өтінім жолдап, жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру.

желтоқсан

2026 жыл

А.Қасымжанов

Ф.Бөлекбаев

С.Андасбаев

12

Кәлпе ауылындағы Рысқұлов және Мечиев көшелерінде электр желілерінің үстіне өскен ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарын жүргізу туралы

Аталған мәселені шешу мақсатында ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан «ТАТЭК» АҚ басшылығына ресми хат жолдап, электр желілеріне қауіп төндіретін ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарын ұйымдастыру және анықталған кемшіліктерді жою қажеттігін жеткізу.

 

қараша

2026 жыл

А.Қасымжанов

Ф.Бөлекбаев

К.Байбулатов С.Андасбаев

Тастөбе ауылдық округі

13

Құмаров Есімхан Қасенұлы, Тастөбе ауылының тұрғыны

 

Ауылдық округте мал өткізуге арналған арнайы өткел (раскол) орнату туралы

Ауылдық округтерде мал өткізуге арналған арнайы өткелдерді (расколдарды) орнату қажеттілігін зерделеп, жұмыстарды қолда бар қаржыландыру мүмкіндіктеріне сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асыру бойынша тиісті шаралар қабылдау.

желтоқсан

2027 жыл

С.Усенов И.Саякбаев А.Бокбасаров Е.Нұрғалиев

14

Жергілікті ветеринар маманын қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету туралы

Жергілікті ветеринар маманын қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету қажеттілігін зерделеп, аудандық ветеринариялық станция тарапынан көлік құралын бөлу немесе сатып алу мүмкіндігін қарастыру және тиісті ұсыныс енгізу

қараша                  2026 жыл

С.Усенов И.Саякбаев А.Бокбасаров Е.Нұрғалиев

Бәйшегір ауылдық округі

15

Аринов Тугелбай, Дөңши ауылы, І.Есенберлин к-сі 25 үйдің тұрғыны,  «Аринов» ШҚ төрағасы, зейнеткер

 

Қаратал өзенінің Келте көліне құятын арнасының басқа бағытқа ауытқуына байланысты «Аринов», «Ақмарал», «Нұрымов С» және «Жусы» шаруа қожалықтарының жерлерін су басу қаупін болдырмау мақсатында арнаны бекіту үшін арнайы техника бөлу туралы

Қаратал өзенінің Келте көліне құятын арнасының жағдайын зерделеу және су басу қаупін бағалау мақсатында жұмыс тобын құру, арнаны бекіту жұмыстарының көлемі мен қажетті арнайы техниканы анықтау. Қажетті жұмыстарды жүргізуге бюджет қаражатын бөлу мәселесі бойынша облыс әкіміне ресми хат жолдап, тиісті уәкілетті органдармен бірлесіп, су тасқынының алдын алу шараларын қабылдау.

қазан,

2026 жыл

С.Үсенов И.Саяқбаев  А.Тлеуғасым

Қызылбалық ауылдық округі

16

Чинабеков Әділхан, Қарақұм ауылының тұрғыны

 

Саяқ кентінен көмір тасымалдау мәселесі туралы

Саяқ кентінен көмір тасымалдау мәселесін шешу мақсатында облыс әкімінің орынбасарына тиісті сұраныс хат жолдап, мәселені Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп зерделеу және көмірді тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар енгізу

қазан

2026 жыл

А.Қасымжанов

Ф. Бөлекбаев

Т. Уалиев

17

Құдайбергенов Бағидолла, Қарақұм ауылының тұрғыны

 

Тігінқара жолын балансқа алу туралы

Тігінқара жолын тиісті балансқа қабылдау мәселесі бойынша Қарағанды облысының әкімдігімен келіссөздер жүргізіп, жолдың құқықтық мәртебесін нақтылау және балансқа беру мүмкіндігін зерделеу тапсырылсын. Жолдың тұрғындар үшін, оның ішінде теміржол станциясына қатынау мақсатында маңызды екенін ескере отырып, балансқа қабылданған жағдайда қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізу мәселесі пысықтау

қазан

2026 жыл

А.Қасымжанов

Ф. Бөлекбаев

Т. Уалиев

18

Мадибеков Қырықбай Жумабаевич, Қарақұм ауылының тұрғыны

 

Ауыз су мәселесі қашан шешіледі?

 

Ауыз су мәселесін шешу мақсатында конкурстық рәсімдерді келесі аптада аяқтап, мердігерді анықтау және құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау шаралары қабылдансын. Жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуы бақылауға алу.

қараша

2026 жыл

А.Қасымжанов

Ф. Бөлекбаев М.Жексенбаев

Т. Уалиев

Балпық ауылдық округі

19

Муканов Дастан Галимуратович, Ұмтыл ауылының тұрғыны

 

Ұмтыл ауылына кіреберіс жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Ұмтыл ауылына кіреберіс жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қажетті жұмыстардың көлемін анықтап, сметалық құжаттаманы әзірлеу, бюджеттік өтінім дайындап, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экономика бөлімдеріне жолдау, жобаны қаржыландыру мәселесін қарастыру

желтоқсан,

2026 жыл

А. Қасымжанов

Ф.Бөлекбаев

Р.Бекбосынов

20

Агибаев Самат Сейдигалымович, Ұмтыл ауылының тұрғыны.

 

Ұмтыл ауылына мал өткізуге арналған арнайы өткелдерді (расколдарды) орнату туралы.   

 

Ұмтыл ауылында мал өткізуге арналған арнайы өткелдерді (расколдарды) орнату қажеттілігін зерделеп, қажеттілікке және қолда бар қаржыландыру мүмкіндіктеріне сәйкес оларды кезең-кезеңімен орнату мәселесі қарастырылсын

желтоқсан,

2027 жыл

С.Үсенов И.Саякбаев

А.Боқбасаров          Р.Бекбосынов

Үштөбе қаласы

21

Ниетжанова Анар, Үштөбе қаласының тұрғыны

                                                                      

Үштөбе қаласындағы Қазбек би көшесіне көше жарықтандыру шамдарын орнату туралы

Үштөбе қаласындағы Қазбек би көшесіне көше жарықтандыру шамдарын орнату бойынша қажетті жұмыстардың көлемін анықтап, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, бюджеттік өтінім жолдау және жобаны алдағы жылдарға арналған бюджеттік жоспарға енгізу мәселесін қарастыру                                

желтоқсан

2027 жыл

А.Қасымжанов

Ф. Бөлекбаев

М.Жазықбаев

22

Григорьева Галина, Үштөбе қаласының тұрғыны

 

Қаратал көшесіне балалар ойын алаңын орнату туралы

Қаратал көшесінде балалар ойын алаңын орнату мүмкіндігін зерделеп, тиісті жер учаскесін анықтау, қажетті жұмыстардың көлемін белгілеу және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Бюджеттік өтінім ұсынып, жобаны алдағы жылдарға арналған бюджеттік жоспарға енгізу мәселесін қарастыру, сондай-ақ демеушілер мен инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізу

желтоқсан

2027 жыл

А.Қасымжанов

Ф. Бөлекбаев

М.Жазықбаев

23

Керимкулова Назира, Үштөбе қаласының тұрғыны

 

Үштөбе қаласындағы Қазбек би шағын көшесіне қиыршық тас төсеу туралы

Алдымен аталған көшеде газ құбырлары мен су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымдарды анықтап, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бұзылған жол жабынының жай-күйін зерделеу қажет. Жауапты мердігер ұйымдармен бірлесіп, жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және көшеге қиыршық тас төсеу мәселесін пысықтау

желтоқсан

2027 жыл

А.Қасымжанов

Ф. Бөлекбаев

М.Жазықбаев

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/documents/details/1088669?lang=kk