Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.

Облыс 1 облыстық маңыздағы қаладан (Атырау),1 аудандық маңыздағы қаладан (Құлсары), 7 ауданнан және 153 ауылдық елді мекеннен тұрады.

2026 жылдың 1 қыркүйегінехалық саны – 718,3 мың адам, оның ішінде қала халқы 394,5 мың адам (54,9%) (01.09.2025 ж. халық саны – 713,9 мың адам).

2026 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,2% және басқалары – 2,8%.

2026 жылдың қаңтар-маусымында облыстың жалпы өңірлік өнімі
8 298,5 млрд теңгені
құрады.Нақты көлем индексі – 97,1%.

Республиканың жалпы ішкі өнімінің көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 11,7%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 11 569,2 мың теңге.

Облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымындағы экономиканың негізгі салаларының үлесі – өнеркәсіп 52,1% (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 45,9%, өңдеу өнеркәсібі – 5,4%), сауда – 16,0%, көлік және қоймалау – 4,5%, құрылыс – 3,3%, ауыл шаруашылығы – 0,6%.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі
12433,6млрдтеңгені құрады, нақты көлем индексі – 94,0%.

Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 11551,4 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 91,5%.

Есепті кезеңде облыста 43,2 млн тонна мұнай(90,6%) және24,4 млрд текше метр ілеспе мұнай газы(91,3%)өндірілді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 703,5 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 113,6%.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 117,6 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,8%.

Оның ішінде, малшаруашылығында – 69,7 млрд теңге (НКИ – 103,6%)және өсімдік шаруашылығында – 44,9млрдтеңге (НКИ – 99,9%).

Ірі қара мал басының саны 6,9% (257 мың бас), қой мен ешкі – 1,7% (602,7 мың бас), жылқы 7,2% (160,9 мың бас), түйе 0,1% (44,7 мың бас) өсті.

Есепті кезеңде облыста 36,8 мың тонна ет (104,0%), 26,9 мың тонна сүт (104,3%), 43,6 млн дана жұмыртқа(113,4%)өндірілді.

Негізгі капиталға1 205,5 млрд теңгеинвестиция салынды, нақты көлем индексі – 103,7%.

Құрылыс жұмыстарыныңкөлемі561,8 млрдтеңгені құрады немесе 122,2%.

Облыста 401,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 84,4%.

Сауда көлемі 6004,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,3%.

2026 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың сыртқы сауда айналымы
7730,1млн АҚШ долларын
құрады немесе 2025 жылдың
сәйкес кезеңіменсалыстырғанда 95,5%, оның ішінде экспорт – 7332,6млн АҚШ долларын (94,2%),импорт – 397,5млн АҚШ долларын құрады (120,2%).

Көлік және қоймалау қызметі 713,2 млрд теңгеніқұрады, нақты көлем индексі – 94,8%.

Байланыс қызметініңкөлемі 14 216,0 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,2%.

2026 жылдың 1 қазанына шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 57 265 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,6%.

Осы кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілердің (57265 бірлік) тіркелген субъектілер санындағы (61 154 бірлік) үлесі – 93,6%.

2026 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 1 438,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді (НКИ – 102,0%), осы кезеңде салада 125274 адам жұмыспен қамтылды (92,4%).

2026 жылғы 2 тоқсанда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегіне20251жаңа жұмыс орны құрылды, оның 11057-і тұрақты, 9194-і уақытша.

2026 жылғы қаңтар-маусымдаорташа айлық жалақы 642414 теңгені құрады немесе 2025 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 105,4%.

2026 жылдың2 тоқсанындахалықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі 304479 теңгені құрады (98,5%).

2026 жылдың қыркүйек айындағы инфляция деңгейі(2025 жылдың желтоқсанына)107,4%-ды құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға – 105,5%, азық-түлік емес тауарларға – 109,0%, ақылы қызметтерге – 109,3%.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/documents/details/1088624?lang=kk