БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу шаралары»
Құрметті әріптестер!
Сыбайлас жемқорлық – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігіне және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне кері әсерін тигізетін өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен жағдайларын анықтау және жою мемлекеттік органдардың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін басшылыққа алуға міндетті.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс:
* Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
* Қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға жол бермеу;
* Мүдделер қақтығысының алдын алу;
* Мемлекеттік қызмет көрсету барысында ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету;
* Азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарау;
* Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
* Қызметкерлер арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды тұрақты ұйымдастыру.
- Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі
Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және ашық орындауға міндетті.
Қызметтік жағдайын жеке басының пайдасына пайдалану, заңсыз сыйақы алу, азаматтарға негізсіз артықшылықтар беру және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытып, өзінің мінез-құлқымен қоғамға үлгі болуы қажет.
- Алдағы кезеңге қойылатын міндеттер
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында келесі міндеттерге ерекше назар аудару қажет:
- Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстарын күшейту.
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
- Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
- Қызмет барысында туындайтын мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және реттеу.
- Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
- Әдеп нормаларының сақталуына тұрақты бақылау жүргізу.
Қорытынды
Құрметті әріптестер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек уәкілетті органдардың ғана емес, әрбір мемлекеттік қызметшінің және бүкіл қоғамның ортақ міндеті.Біздің басты мақсатымыз – халыққа адал қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін нығайту. Әрқайсымыз өз қызметімізде заңдылықты, әділдікті және адалдық қағидаттарын берік ұстануымыз қажет.Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Назарларыңызға рақмет!
Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі А.Косжанов