
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 111 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шілдеде № 23636 болып тіркелді.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Әулиекөл аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Әкімдіктің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2020 жылғы 26 мамырдағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9225 болып тіркелген);
2) "Әкімдіктің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 62 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9645 болып тіркелген).
3. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімі |
Е. Теменов |
|
|
Әкімдіктің |
|
|
2021 жылғы 21 шілдедегі |
|
|
№ 111 қаулысына |
|
|
қосымша |
Әуликөл ауданының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 15.02.2023 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
|
№ |
Елді мекеннің атауы |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
|
1 |
Әулиекөл ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, 1 Май көшесі, 43 |
|
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанында, Тұрғымбаев көшесі, 21 |
||
|
Алтынсарин көшесі, 2-үйге қарама қарсы |
||
|
"AMANAT" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Әулиекөл аудандық филиалы ғимаратының жанында, Баймағамбетов көшесі, 25 |
||
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Байтұрсынов көшесі, 1Б |
||
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің И.Я. Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Кустанайская көшесі, 2 |
||
|
2 |
Көктал ауылы |
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорының Көктал ауылы мәдениет үйінің ғимараты, № 1 көшесі, 56 |
|
3 |
Құсмұрын кенті |
Ленин көшесі, 67-үйге қарама қарсы |
|
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорының Құсмұрын кенті мәдениет үйінің ғимараты, Ленин көшесі, 59 |
||
|
Калинин көшесі, 31-үйге қарама қарсы |
||
|
4 |
Первомай ауылы |
"Ауле-Би" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратының жанында, Советская көшесі, 31 |
|
5 |
Тимофеев ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Тимофеев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Школьный тұйық көшесі, 6 |
|
Аманқарағай ауылдық округі |
||
|
6 |
Аманқарағай ауылы |
"Аманқарағай станциясы" вокзалы ғимаратының жанында, Вокзальный көшесі, 6 А |
|
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылының Аманқарағай дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының жанында, Приэлеваторный көшесі, 16 |
||
|
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Аманқарағай ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының жанында, Комсомольский көшесі, 3 |
||
|
7 |
Лесное ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, № 1 көшесі, 22 |
|
Диев ауылдық округі |
||
|
8 |
Диев ауылы |
"Агрофирма "Диевская" жауапкершілігі шектеулі серіктестегінің мәдениет үй ғимаратының жанында, Абай көшесі, 11 |
|
9 |
Қ. Тұрғымбаев ауылы |
Абай көшесі, 22-үй, 1-пәтерге қарама қарсы |
|
Қазанбасы ауылдық округі |
||
|
10 |
Октябрь ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Ленин көшесі, 14 |
|
11 |
Қазанбасы ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 2 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Степная көшесі, 7 |
|
Москалев ауылдық округі |
||
|
12 |
Москалев ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Москалев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Восточная көшесі, 15 |
|
Новоселов ауылдық округі |
||
|
13 |
Новоселов ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Новоселовка жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Баймағамбетов көшесі, 15 |
|
14 |
Аққұдық ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Аққұдық негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, № 3 көшесі, 15 |
|
15 |
Сосновка ауылы |
"Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сосновка негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, № 5 көшесі, 11 |
|
Новонежин ауылдық округі |
||
|
16 |
Новонежин ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Щорс көшесі, 2 |
|
17 |
Лаврентьев ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Лаврентьев негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, № 1 көшесі, 31 |
|
Сұлукөл ауылдық округі |
||
|
18 |
Юльев ауылы |
"Племзавод Сулуколь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратының жанында, Ленин көшесі, 25 |
|
19 |
Федосеевка ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Федосеев негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Баймағамбетов көшесі, 111 |
|
Чернигов ауылдық округі |
||
|
20 |
Чернигов ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Чернигов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Ленин көшесі, 33 |
|
21 |
Харьков ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Харьков бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, № 1 көшесі, 1 |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК