|
Халықтың санитариялық-
|
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 2026 жыл, 21 шілде № 167 «Сальмонеллез», ауыр түрі шұғыл хабархат
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
- Тергеп-тексеружүргізумерзімі 23.07.2026 - 06.08.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Балабақша Нұр-Дана ДС+» ЖШС, «Нұр-Дана ДС+2» балабақшасы, Ақтөбе қаласы, Первомайский, 104 үй
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:
Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2260002188254914 - 31.07.2026 ж, нәтижесінде кегля ойыншығынан, отырғыштан, ойыншыққа арналған сөреден, журнал үстелінен, №2отырғыштан ішек таяқшаларының тобының бактериясы анықталды, Пайдаланылған ойыншықтар күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып жуылмайды. Бұл Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығының 5 тарау, 85 тармағының бұзушылығы болып табылады. Сонымен қатар ас қасықтан, нан салатын ыдыстан, стаканнан ішек таяқшаларының тобының бактериясы анықталды. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағынормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар«Балабақша Нұр-Дана ДС+» ЖШС, «Нұр-Дана ДС+2» балабақшасы, Ақтөбе қаласы, Первомайский, 104 үй
8.Қабылданған шаралар: әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 43250 теңге жеке тұлғаға айыппұл салынды.