1.Тергеп –тексеру негізі:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізінде КР ДСМ, 25.06.2024, №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылдың қыркүйек айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесі туралы 29.09.2026 жылғы № 61 актісі, 25.09.2026 жылғы №2260001068890294, №2260001068890316, №2260001068946086, №2260001068890406, 28.09.2026жылғы №2260001068890368 полимерлік және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамалары хаттамалары негізінде «Қалыпты пішімді сүт түстес блузка»; ««ELLEI» көгілдір түсті жейде»; «Следы»; «Ақ түсті жейде»; «Орамал» өнімдерінде таңбалану бойынша сәйкессіздік анықталды.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы :
Атырау қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау Басқармасы
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):
Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:
29.09.2026 ж. - 15.10.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
«Жардемова А.А.» ЖК
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :
Тергеп тексеру барысында «Жардемова А.А.» жеке кәсіпкері өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жеткізушінің жүкқұжаттарын тексеріске ұсынбады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : «Жардемова А.А.» ЖК
- Қабылданған шаралар :
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.10.2026жылғы № 117 қаулысы берілді