Александровка ауылдық округінің әкіміне кандидаттың тіркеу туралы шешімінің күшін жою жөніндегі Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2026 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағына сәйкес, кандидаттың декларацияларын тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2026 жылғы 21 қазандағы №2-9/172-И жауабының негізінде Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Александровка ауылдық округінің әкіміне кандидат, 1978 жылы туған, «Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Акмарал Ширажиденовна Баисованы тіркеу туралы шешімнің күшін жойды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-sharbakty/documents/details/1088310?lang=kk