АҚПАРАТ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын жауапты тұлғалардың қатысуымен өткізілген іс-шара туралы

АҚПАРАТ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын жауапты тұлғалардың қатысуымен өткізілген іс-шара туралы

 

         Өткізілген күні: 2026 жылғы 22 қазан

         Өткізілген орны: Нұра ауданы әкімінің аппараты

         Өткізу форматы: Диалог алаңы

         Ұйымдастырушы: Нұра ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі.

         Іс-шараның мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын жауапты тұлғалардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, комплаенс саласындағы озық тәжірибелермен таныстыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің адал және әдепті мінез-құлық стандарттарын нығайту.

         Қамту: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын 3 жауапты тұлға және Нұра ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің 3 қызметкері. Барлығы – 6 қатысушы.

Іс-шараның өткізілуі туралы

         2026 жылғы 22 қазанда Нұра ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі ауданның ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын жауапты тұлғалардың қатысуымен диалог алаңын ұйымдастырып, өткізді.

         Іс-шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын жауапты тұлғалар қатысты:

         Максутов Д.З. – «Қаратал» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

         Бекмагамбетов Д.Б. – «Нұра ауданының мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

         Айдикенов Д.К. – «Спорт клубы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

         Нұра ауданы әкімі аппаратының атынан мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Байталяков Қ.А., сондай-ақ бөлім қызметкерлері Гизатулин Н.Ф. және Кабдуллаев А.К. қатысты.

         Іс-шараның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің жұмыс тиімділігін арттыру, профилактикалық жұмысты жетілдіру және ұйымдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру болды.

         Диалог алаңы барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын ұйымдастыру, олардың негізгі міндеттері, функциялары мен жауапкершілігі мәселелері қаралды.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, талдау және азайту, мүдделер қақтығысының алдын алу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

         Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі, ықтимал құқық бұзушылықтарды анықтау тетіктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының белгілері анықталған жағдайда жауапты тұлғалардың іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.

         Сонымен қатар лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға, қаржы қаражатын негізсіз жұмсауға, сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын негізсіз көтеруге, сондай-ақ іс жүзінде орындалмаған жұмыстарды қабылдауға және оларға ақы төлеуге жол бермеу мәселелері талқыланды.

         Іс-шара шеңберінде комплаенс-офицерлердің ұйым басшылығымен, уәкілетті мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі құрылымдармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

         Ашық диалог форматында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұйымдардың күнделікті қызметінде туындайтын практикалық жағдайларды талқылады және өздеріне жүктелген міндеттерді орындау бойынша түсіндірмелер алды.

         Іс-шара қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға ұйым қызметкерлері арасында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде анықтау және бағалау, мүдделер қақтығысының алдын алу шараларын қабылдау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылды.

         Өткізілген іс-шара комплаенс-офицерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіруге және Нұра ауданының ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/documents/details/1088308?lang=kk