Өнеркәсіпте 160,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 118,5%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 38,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 107,5%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 52,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 150,6%.
92,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, немесе 2025 жылға сәйкес 0,4%-ға төмен.
Қала экономикасына 67,8 млрд. теңге инвестициялар тартылды, нақты индекс көлемі – 122,8%-ды құрады.
Сауда айналымының көлемі 14,7%-ға өсіп, 149,4 млрд. теңгені құрады.
Мемлекеттік бюджеттің жоспары 88,8%-ға орындалды, ағымдағы 2026 жылдың 1 қазанына болжамдағы 130,9 млрд. теңгенің орнына 116,3 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 78,8 млрд. теңге (85,4%), жергілікті – 37,5 млрд. теңге (96,8%)).
Жалпы қалада 2 347 адам жұмысқа орналастырылды, 4 233 жаңа жұмыс орындары құрылды.