Рудный қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы
Қатысқандар: 10 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).
ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Кондрашина Светлана Александровна, Рудный қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы.
Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын.
Сессияны орыс тілінде жүргізу туралы ұсыныс бар.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Куандыкович Искаковтың еңбек демалысында болуына байланысты, ол болмаған кезеңде мен, Светлана Александровна Кондрашина, сегізінші шақырылымның бүкіл мерзіміне Рудный қалалық мәслихаты төрағасының уақытша өкілеттігін жүзеге асырушы болып сайландым.
Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясында 13 депутаттан 6-уы қатысып отыр және 4 депутат ZOOM бейнеконференция режимінде қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Рудный қаласы әкімінің орынбасарлары, Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.
Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламын.
Бізге қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет.
Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:
сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;
күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін;
басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, өтініштер мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін берілсін;
шешім ашық дауыспен қабылдансын;
дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші Рудный қалалық мәслихаты төрағасының уақытша өкілеттігін жүзеге асырушыға жүргізуді ұсынамын.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
С. Кондрашина Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Әкімдердің ұсынысы және Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының бастамасы бойынша күн тәртібіне мына мәселелерді енгізуді ұсынамын:
- Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 257 «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 190 «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша Рудный қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 88 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
С. Кондрашина Бірінші мәселе «Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы».
Баяндамашы: Раймбекова Мадина Қажмұханқызы, Қашар кентінің әкімі.
М. Раймбекова Баяндайды (баяндама қоса берілді).
С. Кондрашина Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
С. Кондрашина Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады.
Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
С. Кондрашина «Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 257 «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша сөз Рудный қаласы әкімінің орынбасары Талғат Сапабекұлы Сақтағановқа беріледі.
Т. Сақтағанов Баяндайды (баяндама қоса берілді).
С. Кондрашина Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
С. Кондрашина Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады.
Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 257 «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
С. Кондрашина Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №190 «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша Рудный қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Рудный қалалық сайлау комиссиясының қаулысымен округтік сайлау комиссияларының құрамынан комиссия мүшелері өздерінің жеке өтініштері негізінде 5 округтік сайлау комиссиясынан 9 адам шығарылды. Осылайша сайлау комиссияларындағы пайда болған бос орындарды толықтыру қажеттілігі туындады.
Жұмысты сайлау құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссия жүзеге асырды, осыған байланысты бос орындарға орналасу конкурсы туралы тиісті хабарлама орналастырылды.
Барлық бос орындарға орналасуға «ӘДІЛЕТ», «АҚ ЖОЛ», «АУЫЛ», «ҚХП» партияларынан ұсыныстар келіп түсті. Ұсынылған кандидаттар сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Партиялардан келіп түскен ұсыныстар негізінде мәслихат сессиясында шығып қалғандардың орнына округтік сайлау комиссияларының құрамына жаңа мүшелерді сайлау қажет.
Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады. Баламалардың жоқтығын ескере отырып, ұсынылған шешім жобасына сәйкес тізім бойынша ашық дауыс беруді ұсынамын.
Кім шығып қалғандардың орнына окруктік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатураларды сайлауды және енгізуді қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
С. Кондрашина Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 87 «Рудный қалалық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Рудный қалалық сайлау комиссиясының қаулысымен учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан комиссия мүшелері өздерінің жеке өтініштері негізінде 19 учаскелік сайлау комиссиясынан 22 адам шығарылды. Осылайша учаскелік сайлау комиссияларындағы пайда болған бос орындарды толықтыру қажеттілігі туындады.
Жұмысты сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссия жүзеге асырды, осыған байланысты бос орындарға орналасу конкурсы туралы тиісті хабарлама орналастырылды.
Барлық бос орындарға орналасуға «ӘДІЛЕТ», «АУЫЛ», «АҚ ЖОЛ», «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы», «ҚХП», «ЖСДП», «RESPUBLIKA», партияларынан, «Ардагерлер ұйымы» және «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестіктерінен ұсыныстар келіп түсті. Ұсынылған кандидаттар учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен ұсыныстар негізінде мәслихат сессиясында шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына жаңа мүшелерді сайлау қажет.
Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады. Баламалардың жоқтығын ескере отырып, ұсынылған шешім жобасына сәйкес тізім бойынша ашық дауыс беруді ұсынамын.
Кім шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатураларды сайлауды және енгізуді қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
С. Кондрашина Осымен Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі тәмамдалды.
Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма?
Ұсыныстар түскен жоқ.
Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясын жабық деп жариялаймын.
Рудный қалалық мәслихаты
төрағасының өкілеттігін
уақытша жүзеге асырушы С. Кондрашина
Жазбаны жүргізген Н. Додрова