«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау бойынша бір жыл мерзімге конкурс жариялайды

Көппәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген әлеуетті басқарушы компаниялар тұрғын үй инспекциясына конкурс  жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынад:

1) 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға қатысуға өтінім 2 қосымша;

2) құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жарғы);

3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және ақпараттық жүйелер арқылы алынған әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер. Құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген анықтама;

4) «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңына және кондоминиум объектісін басқару саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияны жүзеге асыруға кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаты бар қызметкерлердің өз құрамындағы қол жетімділігі туралы мәліметтер;

5) кондоминиум объектісін басқару саласында жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.

Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде нөмірленген және тігілген түрде не тұрғын үй инспекциясының zhilinsekb@mail.ruэлектрондықпоштасына ұсынылады.

Анықтама телефоны: 87759612329

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-inspekcia/documents/details/1087995?lang=kk