|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1 |
Сарқытов көшесі №33/2 үйдің ауласында тұрған тоқ желісінің ағаш бағанасын ауыстыру. |
Сарқытов көшесі №33/2 үйдің ауласында тұрған тоқ желісінің ағаш бағанасы ауыстырылды. |
|
2 |
«Барлаушы» ы.а. қондырылған екі аялдаманың қасына қоқыс жәшігін орнату |
«Барлаушы» ықшам ауданына қондырылған екі аялдаманың қоқыс жәшіктері орнатылды. |
|
3 |
Мұхамбетов көшесінде орналасқан бала бақшаның және жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қасына аялдамалар қондыру |
Ы.Шұғанбаев көшесінің бойына қазіргі таңда 2 дана аялдама көлеңкелігі орнатылған. Қосымша аялдама орнату орындары зерделенді. Алайда көше бойындағы аумақтың шектеулі болуы және жол қозғалысына кедергі келтірмеу талаптарына байланысты қосымша аялдама орнату мүмкіндігі жоқ екені анықталды. |
|
4 |
Мұхамбетов көшесіндегі Жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қасынадағы газ желілерін ығыстыру |
Мұхамбетов көшесіндегі Жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қасынадағы газ желілерін ығыстыру жұмыстары жасалды. |
|
5 |
Мұхамбетов көшесіндегі газ желілерін сырлау |
Мұхамбетов көшесіндегі газ желілерін сырлау жұмыстары жүргізілді. |
|
6 |
«Барлаушы» ықшам ауданы Мұхамбетов көшесіне дейінгі ағаш бағаналарды бетон бағаналарға және электр желілерін ауыстыру.
|
«Атырау Жарық» ЖШС-мен жасалатын жұмыс жоспар тізміне енгізілген. Ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен "Құлсары қаласы электр желілерін қайта жаңғырту 2-кезең" жобалау сметалық құжаттамасы тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда жоба жасақталып, сараптамаға жолданды. |
|
7 |
Айналма жолдағы жаңадан салынып жатырған темір бағаналарды көтеріп қондыру. Астындағы бетон топырақпен көміліп жердің астында қалып жатыр. Соны тексеру . |
Көше жарығы бойынша орнатылып жатырған бағаналар жобаға сәйкес орнатылуда. Техникалық қадағалаушы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілуде. |
|
8 |
«Әсем» балабақшасының жанында салынған балалар ойын алаңын толық аяқтау |
«Әсем» балабақшасының жанында салынған балалар ойын алаңындағы анықталған кемшіліктерді жоюға жауапты мердігер мекемеге тапсырма берілді. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. |
|
9 |
Мұхамбетов көшесіндегі балалар ойын алаңының қасындағы егілген талдар шықпай қалды. Шара қабылдау |
Мұхамбетов көшесіндегі балалар ойын алаңының айналасындағы шықпай қалған талдар алынып, орны тазарталды. Мердігер мекемені қайта қалпына келтіру үшін сотқа беру жұмыстары жүргізілуде. |
|
10 |
№1 мектеп жаныңдағы автотұрақты аяқтау |
№1 мектеп жаныңдағы автотұрақтың құрылыс жұмыстары аяқталды. |
|
11 |
Мұхамбетов көшесінен 99-көшеге дейін қиыршық тас төселіп жатыр. Енді сол екі көшеге асфальт салу |
"Құлсары қаласы автомобильдер жолдарын қайта жаңғырту 4 кезең" жобасымен құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында жүргізіледі. |
|
12 |
1 ауылға балалар ойын алаңын және шағын аяқ доп алаңын салу |
1 ауыл Б.Нысанбаев көшесіне ойын алаңын салуға жоба жасақталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды. |
|
13 |
«Барлаушылар» саябағына ардагерлердің есімдері жазылған тақтайшаларға олардың өмірбаянын LED экран арқылы көрсету мүмкіндігін қарастыру |
«Барлау-бұрғылау» саябағы аумағына ардагер бұрғылаушылардың өмірбаяны көрсетілетін LED экран орнату мәселесіне сәйкес, саябақ аумағына LED экран орнату мүмкін емес. Алайда, саябаққа жақын Махамбет даңғылы және Ш.Оразалиев көшесі қиылсына лэд экран орнатылды. Бейне материалдар көрсетілетін болады. |
|
14 |
«Барлаушылар» саябағының қарсы бетіне Аққуан Кемелұлы мен Далбаев Мұналдың баннерлерін орналастыруды қарастыру |
«Барлаушылар» саябағының қарсы бетіне Аққуан Кемелұлы мен Далбаев Мұналдың баннерлерін орналастыру мәселесі бойынша, саябаққа жақын Махамбет даңғылы және Ш.Орзалиев көшесі қиылсына лэд экран орнатылды. Бейне материалдар көрсетілтін болады. |
|
15 |
6 ауыл Әжіғалиев көшесіне суға кеткен үйлердің орнына үлкен балалар ойын алаңын салу. |
Шұғыла ықшам ауданында әмбебап балалар ойын алаңы салынған. 6 ауыл, Әжіғалиев көшесіндегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлер жеке меншік иелігінде болғандықтан, аталған тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелерін балалар ойын алаңын салу мақсатында алу қарастырылмайды. |
|
16 |
6 ауылда салынған жасанды жол кедергісі ескірген. Ауыстыруды қажет етеді. |
Д.Әжіғалиев көшесіне ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары қаралған. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жасанды жол кедергісі орнатылатын болады. |
|
17 |
6 ауылға көше жарығын жүргізу
|
Шұғыла ықшам ауданы көшелері мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда жұмыстар басталды. Сонымен қатар, "Құлсары қаласында көше жарығын жүргізу және қайта жаңғырту" жобасы тізіміне Шұғыла ықшам ауданы көшелері енгізілген. Мердігер "Гранд-Мастер" ЖШС-гі. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. |
|
18 |
Оразалиев көшесінде салынып жатырған асфальттың бойында «Жылыойсу» мекемесінің меншігіндегі су құдығы орналасқан. Асфальт жол салған кезде су құдықты жауып тастамау |
Жол құрылысын жүргізіп жатырған мердігер мекеме "Казкомсервис" ЖШС-не Оразалиев көшесінде салынып жатырған асфальттың бойында «Жылыойсу» мекемесінің меншігіндегі су құдығын жауып тастамау ескертілді. |
|
19 |
3 ауыл Құрсай жағалауында бос жерлер бар. Сол жерлерге балалар ойын алаңын салу |
Құлсары қаласында Қамыскөл көлі мен Құрсай өзені жағалауын абаттандыру және нығайту жұмыстары үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптама оң қорытындысы алынды. Жобаға сәйкес 3 ауыл маңы Құрсай өзені жағалауына ойын алаңдары және абаттандыру қарастырылған. Қазіргі таңда Атырау облысы Құрылыс басқармасының Құрсай өзені мен Қамыскөл көліндегі түп тереңдету жұмыстарына сәйкес аталған жобаға түзетулер енгізілуде. Түзету жұмыстары аяқталып, сараптама оң қорытындысы алынған соң, бюджеттік өтінімге жолданады. |
|
20 |
Махамбет даңғылындағы орналасқан бұрынғы «Әсем» дүкенінің қарсы бетінде жарылған су құбырынын орнын қалыпқа келтіру |
Жарылған су құбырының орны эксковатормен тегістеліп, қалпына келтірілді. |
|
21 |
Махамбет даңғылында орналасқан бұрынғы «Әсем» дүкенінің қарсы бетіне ойын алаңын салу |
1 ауыл Б.Нысанбаев көшесіне ойын алаңын салуға жоба жасақталды. Құрылыс жұмыстары басталды. |
|
22 |
Халифа Алтай көшесінде орналасқан үйлердің кәріз шұңқыры және үйлердің айналысындағы жаңбыр салдарынан болған судан тазарту |
Халифа Алтай көшесінде орналасқан үйлердің кәріз шұңқыры және үйлердің айналысындағы жаңбыр салдарынан болған судан тазарту жұмыстары жүргізілді. |
|
23 |
Үйміздің қасындағы бос тұрған жерге көршіміз 50–60 үйрек жаяды. Иісі өте қолайсыз. Шарасын алу. Бос тұрған жердің иесін анықтап беру |
Тұрғынға түсінік жұмыстары жүргізілді. |
|
24 |
Халифа Алтай көшесіне дренаж жүйесін салуды қарастыру |
Халифа Алтай көшесіне дренаж жүйесін салуды қарастырылуда. |
|
25 |
«Барлаушылар» саябағының ішіне камера қондыру |
«Барлаушылар» саябағының ішіне камера қондыру жұмыстары жүргізілді. |
|
26 |
«Барлаушылар» саябағының ішіне күрке (беседка) орнату |
«Барлаушылар» саябағының ішіне күрке (беседка) орнату мәселесі зерделенуде. |
|
27 |
Қ.Қуатбаев, Ө.Алдахов, Г.Сарқытов, Қ.Закарияұлы көшелерінің қиылысына камера орнату |
Қ.Қуатбаев, Ө.Алдахов, Г.Сарқытов, Қ.Закарияұлы көшелерінің қиылысына бейнекамера Жылыой ауданы Полиция басқармасы нұсқауымен орнатылатын болады. |
|
28 |
Жанғожа Батыр көшесіне жол салу |
Құлсары қаласындағы Жаңғожа батыр көшесі "Құлсары қаласы автомобильдер жолдарын қайта жаңғырту 4 кезең" жобасы тізіміне еңгізілген. Алайда, аталған көшедегі тұрғын үйлердің аулалары көше бетке шығып тұруына байланысты және көшенін тарлығына байланысты автомобиль жолдарын салуға арналған арнайы техникалар көшеге кіре алмуы себепті жол салуға мүмкіншілік жоқ. |