Бәйтерек ауылдық округі 2026 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы

Бәйтерек ауылдық округі  2026 жылдың

9 айында атқарған жұмыстары туралы

 

Ауылдық округ бойынша 894 үй саны, 4749 кісі тіркелген. Жұмыс іздеуші болып хабарласқандар  саны -111, тұрақты жұмысқа тартылғандардың саны - 18,  ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны -25 адамды құрап отыр. Экономикалық белсенді халық саны -2264, жұмыспен қамтылғандар саны – 2162,  оның ішінде жалдамалы жұмыспен қамтылғандары-1002 адамды құрайды,   өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар  саны-652, жұмыссыздар саны -78,  жасына байланысты зейнеткерлер саны –367, мүгедектігіне байланысты  жәрдемақы алатындар саны –74 адамды құрап отыр.

           Атаулы әлеуметтік көмекті алуға 4 отбасы өтініш білдірсе, шартты ақшалай көмекке 3, шартсыз ақшалай көмекке 1 отбасы құжат өткізіп толық қамтамасыз етілді.

        Атаулы әлеуметтік көмектен бөлек  «Кепілдендірілген азық-түлік әлеуметтік пакет»  қоса тағайындалып 114 отбасы 1-3жасқа дейінгі балалар, 86 отбасы  3-6 жасқа дейінгі  аралықтағы балаларға азық –түліктер берілді.  240 оқушы  қыстық киіммен қамтылуда. 

Ауылда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Ауыз су, аяқ су, электр жарығы, көгілдір отын және басқада өзекті мәселелер өз шешімін тапқан.

 

Әлеуметтік сала

2026 жылдың 9 айдың қорытындысымен 6 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш қабылданды .

Ақылы қоғамдық жұмыспен 25 адам тартылса, алғашқы жұмыс орнымен 3 адам еңбекке тартылып, 6 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Ауылдың тұрмысы төмен отбасылары үнемі бақылауға алынып, қолдау шаралары көрсетіліп келеді.

Сондай-ақ, «Семізбай-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Иіркөл» филиалына тұрмысы төмен 10 отбасыға  «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдары салынған сөмке және мектеп формасы берілді.  «Құрбан айт» мерекесінде аз қамтылған  отбасыларына тиісті азық-түлік және ет өнімдерімен көмек көрсетіліп келеді.

Сондай-ақ, «РУ-6» ЖШС филиалы мен жеке шаруа қожалықтары да тиісті азық-түлік және ет өнімдерімен көмек көрсетіліп келеді. «Ру-6» ЖШС  10 отбасыға  «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдары салынған сөмке табыстады.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауылда үнемі сенбілік жұмыстары жүргізіліп келеді.

Бәйтерек ауылдық округі бойынша көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары  1 наурыздан бастап 30 маусымға дейін және 

1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі. 

2026 жылы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар саны - 16;

- аудандық дәрігерлік комиссиядан өткені – 10 азамат. Оның ішінде мерзімді әскери қызметке жөнелтілгені – 4 (100%), қалған – 6 азамат жарамсыз.

- Шиелі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің берген межесі – 4 азамат;

 

- 2026 жылы күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар саны - 24;

- аудандық дәрігерлік комиссиядан өткені – 8 азамат. Оның ішінде мерзімді әскери қызметке жөнелтілгені – 4 азамат (80%), 3-азамат әскерге енді кетеді, 1-азамат жарамсыз.

- Шиелі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің берген межесі – 5 азамат;

Назарға: Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары желтоқсан айының 31-не дейін жүреді.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы

Есепті кезеңде ауылдық округ бойынша тіркелген субъектілер саны 162-ге жетсе, оның: 10-ы заңды тұлғалар, 60 шаруа қожалықтар, 66 –сы дара және жеке кәсіпкерлер.

Ауылдық округте шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамытудың іс-шара жоспарын бекітіп, жоспарға сәйкес, ауыл тұрғындарынан «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша 18 азаматтың ішінен биылғы жылы 9 айдың қорытындысымен 12 ауыл тұрғыны 72 млн. 150 мың теңге көлемінде 2,5 пайыздық несие алды.

Ал, «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша өтінім тапсыруға ауылдан 18 азаматтың құжаттары тексеріліп, 1 азамат 2,5 пайызбен асыл тұқымды МІҚ басын көбейту мақсатында  «Агро Ырыс Алқабы»  кооперативінің төрағасы 32 400 000 теңге қаражат алса, кооператив мүшесі жылыжайда қызанақ өндіруге 10 800 000 теңге, тағы да басқа жобалар бойынша қаржы алынды.

 

Жергілікті салық түсімдері туралы

Бидайкөл ауылы бойынша 2026 жылдың 9 айында салық түсімі 31 347 600  теңгеге  орындалған.

Мүлік салығына 392 400  теңге, көлік салығы 392 400 теңге, табыс салығы 14 491 500 теңге , барлығы 31 347 600  теңге салық жиналды.

 

Инфра құрылымды дамыту жұмыстары туралы

Бәйтерек  ауылдық округі аумағының жалпы көлемі 21592 гектар, оның ішінде егістік – 3382,0 гектар, жайылым жерлері –4427,0 гектар.

Жер санаттары бойынша:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер –9930 гектар;

елді мекендердің жері-3402 гектар;

жер қоры-5314 гектар

басқа жерлер-2946 гектар

          2026 жылы Бәйтерек ауылдық округі бойынша тұрғын үй салу мақсатында  жер учаскесін алу үшін  кезекте  тұрғандар саны 2020 жылы 45 өтініш тіркелген және олар толық қанағаттандырылды, 2021 жылы -58 өтініш тіркелген, оның ішінде-26 өтініші қанағаттандырыса, 32 өтініш қанағаттандырылмаған. 2022 жылдың наурыз айына дейін -18  өтініш, 2022 жылдың наурыз айынан бастап  бүгінгі уақытқа дейін 617 адам тіркелген. Барлығы -667  өтініш бар.

     2026 жылдың басынан бері бүгінгі күнге дейін  АРМ ЕГКН жүйесі арқылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі бойынша  4 өтінім түскен. Оның ішінде 1 өтінім орындалу кезеңінде, 1 өтінім қанағаттандырылды, 2 өтінім Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрырылысы бөлімімен дәлелді бас тартылған.

 

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметі бойынша 2026 жылдың басынан тексеру жүргізу мерзіміне дейін 22 өтінім түскен. Оның ішінде 1 өтінім І-кезең бойынша түскен, 2 өтінім ІІ-кезең бойынша түскен мерзімінде орындалған. 20 өтінім аудандық жер комиссиясының шешіміне сәйкес кері қайтарылған.

«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» қызметі бойынша 2026 жылдың басынан тексеру жүргізу мерзіміне дейін 10 өтінім түскен және  мерзімінде орындалған.

Соныман қатар, ауыл әкімшілік бөлмесінде   өзіне -өзі қызмет көрсету бұрышы қойылды

         

          Білім саласы

          № 148 Бидайкөл орта мектебінде 124 мұғалім және 61 техникалық қызметкерлер жұмыс атқарады. 2026-2027 оқу жылында 866 оқушы білім алып, мектеп алды даярлық тобы – 3.         

          Денсаулық сақтау саласы

          Ауылдың фельдшерлік-акушерлік бекетінде 17 қызметкер жұмыс жасайды.
2-жоғары санатты дәрігер, 1- фельдшер, 6-аяжан, 1 акушер, 7 техникалық қызметші.

Дәрігерлік қабылдауға ағымдағы жылдың 9 айында 13833 адам тіркелсе, ҚР ДСМ-нің 2016 жылғы №361 бұйрығына сәйкес скринингтік тексеруден 1496 ауыл тұрғындары өтті. Диспансерлік бақылауда тұратындар саны-447 адам.

Осы бақылауда тұрған науқастар тиесілі дәрі-дәрмектерін тегін алып отыр. 2026 жылдың 9 айында 52 нәресте дүниеге келсе, қайтыс болған адамдар саны-13.

 

Мәдениет саласы

Жалпы 9 айда өткізілген мәдени шара саны – 66

Қамтылған көрермен саны – 3122

Ақылы қызмет жоспары – 567 000, орындалғаны – 567 000 теңге

 

Бидайкөл ауылдық мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша 2026 жылы үйірме саны -7, қатысушы өнерпаз саны -78. Оның - 4 – 55 балалар үйірмесі,  1 – 5  жастар үйірмесі,    2 – 18 ересектер үйірмесі.

 

Жыл басынан бері Бидайкөл ауылдық мәдениет үйі жанынан құралған үйірме өнерпаздарының 9 айда  жалпы 10 (он)  байқауға қатысып, нәтижесінде:

  Республикалық – 2 (екі) байқауға, 2 әжелер ансамблі қатысып,                Бас жүлде – 1, 1-орынды жеңіп алды.

 Облыстық – 2 (екі) байқауға,  3 өнерпаз қатысып, 1-3-орын, 2- Алғыс хатқа ие болды.

Аудандық – 7 (жеті) байқауға, 9 өнерпаз  қатысып, нәтижесінде                 1-Көрермен көзайымы номинациясы, 2- орын – 2, 3-орын-3, Диплом – 1.

2026 жылдың 19-мамыр күні Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Бидайкөл ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ақын Дәулетбек Байдрахманұлының 80 жасқа толуына орай «Жүрегімен жыр жазған» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің фестивалі өткізілді.

Шиелі ауданында ұйымдастырылған «Ауыл вайб-2026» байқауына Бидайкөл ауылы қатысып, жүлделі  2-орынды иеленді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-baiterek/documents/details/1087833?lang=kk