|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1 |
Құлсары-Теңіз тас жолының астымен техникалық су құбырын жүргізу үшін ГНБ техникасымен көмек беру |
Көтерілген мәселе бойынша зерделеу жқмыстары жүргізіліп, Қосшағыл ауылынан Теңіз бағытына қарай 15 шақырым жерде орналасқандығы және 1 шақырым жер астымен кесіп өткізу керектігі анықталды. Бірінші кезекте тұрғынға "Магистральды су құбыры" мекемесінен техникалық шарт алу керектігі түсіндірілді. |
|
2 |
Белсенді өмір сүру орталығындағы теннистік үстелге ракеткалар алу |
Белсенді өмір сұру орталығындағы теннистік үстелге ракеткалар алынды. |
|
3 |
Құлсарымұнай құбырлары басқармасына тиесілі мұнай қазанынан сераның иісі шығады. Шарасын алу
|
2026 жылдың 07 қазанында КРНУ мекемесі басшылығымен тұрғындар арасында жиналыс өткізілді. Жиналыс нәтижесінде КРНУ мекемесі тарапынан 2027 жылы «Пантон» құрылғысы орнатылатындығы және мекеменің санитарлық қорғау аймағын қайта есептеу жұмыстары жүргізілетіндігі айтылды. |
|
4 |
Техникалық суды желісін пластикалық материалмен жүргізу және қысымын көтеру |
16,4 шақырым пластикалық тұрба демеушілік көмекпен алынды. 1,2 шақырым тұрба корпус ауылына бөлінді, тұрғындар өз күштерімен жүргізді. |
|
5 |
Техникалық судың құбырларын ауыстырып, су құбырларын ауыл ішіне дейін жүргізіп беру |
16,4 шақырым пластикалық тұрба демеушілік көмекпен алынды. 1,2 шақырым тұрба корпус ауылына бөлінді, тұрғындар өз күштерімен жүргізді. |
|
6 |
Сатпаев көшесі №64 үйімдегі тоқтың күш қуаты жетпейді Мәселені шешіп беру |
"Атырау Жарық" ЖШС-нің күшімен жасалды. |
|
7 |
Жаңадан салынып жатырған тоқ бағаналары үйімнің қасынан салынбай кетті. Үйдің айналысында тоқ бағаналары 400 метр жерде орналасқан. Ол жерден тоқ тартуға күшім келмейді. Мәселені шешіп беру |
Тұрғынның үйіне тоқ көше жарығы бағанасымен жүргізіліп, пайдаланылатын болады. |
|
8 |
Ауылдағы электр бағаналардың қызмет көрсету сапасы нашар. Мәселені шешу. |
2027 жылы ҚС-35/6кВ №138 "Қосшағыл" қосалқы стансасы "Ұлттық бағдарлама" аясында толық модернизациялау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. |
|
9 |
«Атырау Жарық» мекемесінде қызмет ететін ауыл тұрғындарының жалақысы төмен. Жалақыларын көтеру мәселесін қарастыру |
"Атырау Жарық" ЖШС қызметкерлеріне жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес төленуде. |
|
10 |
ДЭС-тің ғимаратын бұзуға қаржы бөлінген. Ғимарат әлі күнге дейін бұзылған жоқ. Бөлінген қаражатты кері қайтару |
ДЭС ғимаратын бұзуға "Матен Петролеум"ЖШС-гі және "Қожан" ЖШС-гі "Qabilet" қорына қаражат аударған. Қазіргі таңда "Qabilet" қоры жұмыс жасалмағандықтан қаражатты кері қайтару мақсатында мердігер мекеме "Батыр-В" ЖШС-ін 09.10.2026 жылы БАЖ салығы төленіп, сотқа талап арыз жолданды. |
|
11 |
№2 бастауыш мектептің ғимаратында оқитын балаларды негізгі мектепке көшірмеу мәселесін қарастыру |
№2 бастауыш мектептің ғимаратында білім алатын оқушылар негізгі мектепке көшірілмейтін болды. |
|
12 |
Амбулаторияда қызмет ететін жылу беру операторларға отын бойынша бөлінетін қаржы неге бөлінбейді. Мәселені қарастыру |
Жылына бір рет берілетін отын ақшасы Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 ақпандағы №47 қаулысымен бекітілген тізбесіне сәйкес беріледі. |
|
13 |
№2 негізгі мектептің ішіндегі «Алақан» құрылғысын орнату |
№2 жалпы орта білім беретін мектептің тарапынан "Алақан құрылғысын сатып алу және орнату жұмыстарына қаржы қажет. Облыстық білім беру басқармасына ұсыныс берілді. Қаржы бөлінген жағдайда негізгі мектеп ғимаратына "Алақан" құрылғысы орнатылатын болады. |
|
14 |
Бастауыш мектептің спорт залына доп алып беру |
Бастауыш мектептің спорт залына доп алып беру мақсатында қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланып, қажетті доптар сатып алынды. |
|
15 |
Ауыл ішіне де автобус шығару мәселесін қарастыру
|
Ауыл ішінде автобус шығару экономикалық тұрғыдан тиімсіз. |
|
16 |
Абылайхан көшесіндегі саябақ ішін жарықтандыру және бейнебақылау камераларын орнату |
"Қуаныш" саябағын жарықтандыру және бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарына қаражат бөлінді. "DDD service" ЖШС-мен келісім шарт жасақталып, жарықтандыру, бейнебақылау камералары орнатылды. |
|
17 |
Ауыл арасындағы көшелерге асфальт жол салу
|
Қосшағыл ауылы ауылішілік асфальт жол құрылысы жүргізілуде. Мердігер "Сұңқар" ЖШС-гі. 1 км асфальт жол салынды, қазіргі уақытта 3 км асфальт жол төсеу үшін жолдың негізін дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. |
|
18 |
Қоғамдық қызметтің жалақасын көтеру |
«Enbek.kz порталы арқылы жұмыс берушінің мансап орталығына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім жолдауы» Әдістемелік нұсқаулығының 1-кестесіне сәйкес қоғамдық қызметкерлер жалақысы есептелінеді "Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесі, жұмыс берушілерге және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылатын тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың жалақысын субсидиялау мөлшері мен мерзімдері" |