|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1 |
Ауылға шлюз салу мәселесін қарастыру |
Ауылға шлюз салу үшін алдағы бөгет жұмыстарына Жем өзені бойына 3 дана су құю бөгетін жасатуға (водоналивная дамба 1,5х50м) бюджеттен қаражат сұратылды. |
|
2 |
Үйге келіп тұрған ауыз судың сапасы төмен, мәселені қарау |
Тұрғынның үйіне келіп тұрған ауыз судың сапасына қатысты өтініші бойынша тексеру және зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында тұрғынның су желісіне қосымша насос құрылғысын орнатып, пайдаланып отырғаны анықталды. Насос құрылғысының ішкі бөлігінде сары түсті тот басу белгілері байқалды. Аталған насос құрылғысы алынып тасталғаннан кейін су тексеріліп, ауыз судың таза екеніне көз жеткізілді. Осыған байланысты су сапасының төмендеуіне тұрғынның пайдаланған насос құрылғысы себеп болғаны анықталды. |
|
3 |
Жарық сөнген кезде су тоқтап қалады, тоқ генератормен қамтамасыз ету |
Шоқпартоғай ауылында орналасқан су айдау станциясындағы электр генераторы толық жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар аталған су айдау станциясында сыйымдылығы 160 текше метр болатын су мұнарасы іске қосылды. Жаз мезгілінде электр энергиясы өшкен жағдайда, ауылды үздіксіз сумен қамтамасыз ету мақсатында осы су мұнарасы пайдаланылады. Қазіргі таңда Шоқпартоғай ауылында ауыз су тәулігіне 24/7, яғни үздіксіз берілуде. |
|
4 |
Ауылға бөгет салғанда жаптың ішінде ескі бөгет қалып қойды, алу мәселесін қарастыру |
Бөгет салу жұмыстарды толық аяқталғаннан кейін, артық бөгеттерді алу жұмыстарын жүргізеді. *** Мердігер мекеме Сап-Ин-Вест" ЖШС-гі. |
|
5 |
Ауылдағы амбулаторияны кеңейту |
Шоқпартоғай дәрігерлік амбулаториясы 2015 жылы балансқа берілді. Шоқпартоғай дәрігерлік амбулаториясн кеңейту мәселесі «Атырау облысының 2026-2035 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспары» порталында 2027 жылы жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары кезінде қарастырылатын болады. |
|
6 |
Амбулаторияға қосымша мамандар тартуды ұйымдастыру |
Елді мекен бойынша халық санына байланысты бірлікте (штат) бір дәрігер қарастырылған. |
|
7 |
Ж.Молдағалиев көшесіне қосымша трансформатор қарастыру |
Шоқпартоғай ауылының ток желілерін қайта жаңғырту жұмыстары бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылдан бастап жүргізіліп, жобаға түзетулер енгізіліп, жобалау жұмыстары аяқталып, сараптамадан өтті. Жоба аясында трансформаторды орнату жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда қосу жұмыстары аяқталды. *** Мердігер мекеме "Жайық жарығы" ЖШС-гі. |
|
8 |
Ауылға техникалық су тарту мәселесін қарастыру |
Ауылға техникалық су тарту үшін қаражат бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Мемлекеттік сатып алу порталында бір көзден немесе баға ұсыныстары арқылы сатып алуға КТРУ негізделмеген. |
|
9 |
Көпірдің астынан мал суаруға суат ашу |
Суат ашуға ұсыныс енгізілді. Арнайы техника бөлу күтілуде. |
|
10 |
Б.Нұрмағанбетов көшесі 204/2 -205/3 үйлеріне жаңа электр бағаналарын қондыру |
Б.Нұрмағанбетов көшесі 204/2 -205/3 үйлеріне жаңа электр бағаналарын қондыру жұмыстары жүргізілді. |
|
11 |
Амбулаторияға тоқ генераторын қою |
Шоқпартоғай дәрігерлік амбулаторияда тоқ генераторы бар. |