|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1 |
Жұбанов көшесіне ойын алаңдарын салу |
Аталған көшеде балалар ойын алаңдары салынып, толық аяқталды. |
|
2 |
Тоқ мәселесі қыс мезгіліне қалдырмай шешу |
Тұрғызба ауылында электр желісін жаңғырту құрылысын 2026 жылы 31 шілде айында аяқталды. Мердігер мекеме: "УниверсалСтройСервис" ЖШС-гі |
|
3 |
Жаңадан жүргізіліп жатырған электр желісінің электр есептегіштерін үйге дейін кіргізіп, қондырып беру |
Тұрғызба ауылында электр желісі құрылысы жобасы аясында, есептегіш құрылғыны тұрғын үйдің сыртқы қас бетіне орнату қарастырылып, орнату жұмыстары аяқталды. |
|
4 |
Қараша елді мекенінде ауа райының қолайсыз кездерінде тоқ сөніп қалады. Тоқтың сөнуі демалыс күндерге сәйкес келсе, жұмыс күні болмай жақпайды. Мәселені жедел шешу |
Қойсары, Қараша елді мекендерінде 2026 жылы бірнеше мәрте тоқ көзі сөнді. Яғни қосалқы станса автоматы ажыратылып қалған ал екінші тоқ сөну мәселесі сым үзілгеннен болды. Басқа тоқ көзінен ажыратылулар тұрғындардың тарапынан яғни, далалыққа Жем суының кетуінен және бірнеше рет шөп өртеу мәселелерінен бағаналар өртеніп кетеді. |
|
5 |
«Атырау жарық» мекемесінің техникалары ескі, жанарту
|
"Атырау Жарық" ЖШС-нің облыстық басқармасына сұраныс жолданды. Алдағы уақытта техникалар кезе-кезеңімен жаңартылатын болады. |
|
6 |
Қазіргі құрғақшылық кезде тамыз айына дейін далалыққа шығып, судың кету бағытына арналарды жырып, қажет емес жерлерін бітеп беру |
Аталған аймақтарға су шығару мақсатында тиісті жерлерді ашып, қажет емес жерлерді бітеу жұмыстарын атқаратын демеуші мекеменің қаражат мәселесі шешілмеуіне байланысты жұмыстар тоқтап тұр. Жұмысты демеушілікпен "Сап-Ин-вэст" ЖШС мекемесі атқаратын болады.
|
|
7 |
Қылышкөлден Қарашаға дейін шабындық жер бар. Су кетпей жиналып қалады. Соны бір жағына қарай жырып, суды шығару |
Аталған аймақтарға су шығару мақсатында тиісті жерлерді ашып, қажет емес жерлерді бітеу жұмыстарын атқаратын демеуші мекеменің қаражат мәселесі шешілмеуіне байланысты жұмыстар тоқтап тұр. Жұмысты демеушілікпен "Сап-Ин-вэст" ЖШС мекемесі атқаратын болады. |
|
8 |
Бірінші көпірдің тұсына жасанды су бөгетін қойып беру
|
Жем өзенінің Құр Жем арнасын, "Сап-Ин-вэст" ЖШС мекемесінің демеушілігімен аршып тазалау жоспарланған. Дүйсеке ата маңындағы "ТШО" мекемесінің демеушілігімен орналастырылған шлюзді Бірінші көпір тұсына ауыстыру жоспарлануда. |
|
9 |
Асфальт жолды тездетіп аяқтау |
Тұрғызба ауылында екінші кезеңмен қосымша 18,1 км тас жолы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс 2026 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. |
|
10 |
Ықсан түбек ауылыны тұсынан жаңадан салынған бөгетті уақытша жырып, мыңдық түрба салып, шығарып беру |
"Сап-Ин-вэст" ЖШС мекемесінің демеушілігімен бөгет уақытша ашылды. Бөгет астына су өткізу қызметін атқару мақсатында диамерті 1000-дық труба жеткізілді. Аталған мекеме демеушілігімен труба бөгет табанына салынып, бөгетті қайта жабу жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
11 |
Ықсан түбек ауылына балаларға шағын футбол алаңын салу |
Шағын футбол алаңына ЖСҚ жасақтауға мемлекет қорынан қаражат бөлінді. Алайда Ұлттық экономика министрлігінен келісім болмауына байланысты бөлінген қаражат кері қайтарылды. Қазіргі уақытта ЖСҚ жасақтау демеушілікпен дайындауға ұсынылды. |
|
12 |
Шығыс бағытағы теміржолды қоршау |
Округ әкімі тарапынан теміржолды қоршау жөнінде 23.12.2025 ж №178 хаты жолданды. "Қазақстан Темір Жолы ҰК" АҚ Атырау магистралдық желі бөлімшесі филиалы Құлсары жол дистанциясы басшысы Н:Байбосыновтан ст. Құлсары-Рзд. Шоқпартоғай аралығында (Сарқырауық) 2026 жылға жоспарланып, күз айында аяқталатыны жөнінде 25.12.2025ж №1283 хатымен жауап алынды. Қазіргі уақытта қоршау жұмыстары жүргізілуде. |
|
13 |
Жем (Таймұхан) өзені бойынан жасанды бөгет салмай басқа бөгет салу жолдарын қарастыру |
Жем арнасына заң талаптарына сәйкес, бөгет салуға рұқсат жоқтығын ескеріп, жайылымдарға Жем өзені арнасынан су шығару үшін балама жолдармен тосқауыл қою қарастырылатын болады. |
|
14 |
Жем өзені бойынан қажетті жерлерге су шығару үшін насос қоюды қарастыру
|
Жем өзені бойына барлық жерге насос қою дәл қазіргі уақытта мүмкін емес. Алайда ұсыныс алдағы уақытта ескеріп қарастырылатын болады. |