Комплаенс-офицерлердің түсіндіру
және оқыту іс-шараларын өткізуі туралы
АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ұйым қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараны комплаенс-офицер Д.Б. Бекмагамбетов ұйым директорымен бірлесіп өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары, еңбек және қызметтік тәртіпті сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, лауазымдық өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ адалдық, ашықтық және парасаттылық қағидаттарын сақтау мәселелері түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін қызметкерлердің жеке жауапкершілігіне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау қажеттілігіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге заңнама талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстану ұсынылды.
Жарияланымға сілтеме: