2026 жылдың III тоқсанында аудан әкімі
жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі комиссия отырыстарының
өткізілуі туралы анықтама
2026 жылғы 25 қыркүйекте Нұра ауданының әкімі Б.М. Мукановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның № 3 отырысы өткізілді.
Отырысқа комиссия мүшелері, сондай-ақ ауыл, ауылдық округ және кент әкімдері Zoom бейнеконференцбайланысы арқылы қатысты.
Комиссия отырысында 3 мәселе қаралды:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялау туралы. Аталған мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Т. Алшимбаев баяндама жасады.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы. Аталған мәселе бойынша А.М. Курманова және И.Т. Дауренбеков баяндама жасады.
- Ауыл және кент әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан жұмыстары туралы. Бұл мәселе бойынша Талдысай және Ткенекті ауылдарының әкімдері есеп берді.
Отырыс қорытындысы бойынша мынадай тапсырмалар берілді:
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі ақпараттық материалдарды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тұрақты жариялау;
Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды уақтылы әрі сапалы жүргізу, мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары, мемлекеттік мүлікті басқару және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларына ерекше назар аудару;
Мемлекеттік қызметшілер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту;
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне жүктелді. Тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты 2026 жылғы 25 қазанға дейін ұсыну белгіленді.