Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (Лисаковск қаласы)

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 05 қазандағы № 5  жұқпалы ауру туралы шұғыл хабарлама  №№ 3,4 (А38).

2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті  Лисаков қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы»  РММ

3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.

4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026  жылғы  06 қазаннан   бастап                2026  жылғы  20 қазанға дейін.

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: "180 орындық "Бөбекжай-бақшасы"  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қостанай облысы, Лисаковск қаласы,

6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары  анықталған  жоқ.

7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)  заңды тұлғалар:  бұзушылықтар анықталған жоқ.

8. Қабылданған шаралар: топтарда санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық профилактикалық  іс-шаралар өткізу туралы ҚАУЛЫ берілді, орындау туралы ақпарат мерзімінде ұсынылды. Қызметкерлер үшін 2021 жылғы 27 мамырдағы ҚР ДСМ  № ҚР ДСМ-47  Бұйрығына сәйкес скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау бойынша оқыту семинары өткізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/documents/details/1087528?lang=kk