Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қазандағы № 4/636-1715 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 

2026 жылғы 21 қазандағы № 4/636-1715 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығаруды бастау туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 8 қорытындысының негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жұбанов көшесін ұзарту үшін Алматы қаласы, Наурызбай ауданында орналасқан 4 (төрт) жер учаскелерін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.

3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 603 кабинет болып белгіленсін.

4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.

6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын  мүлікті  мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп  иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

          Алматы қаласының әкімі                                                       Д. Сатыбалды

 

 

     

Алматы қаласы әкімдігінің

   

2026 жылғы 21 қазандағы

 

№4/636-1715 қаулысына қосымша

         
         

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1

Пірман Ақжол Алмазұлы 

20-322-005-254

«Достық» шағын ауданы, Сейтметов көшесі, 35

жалпы-0,0900 иеліктен шығарылатын ауданы-0,0018

2

Есжанов Нұрсұлтан Абайұлы

20-322-005-752

«Достық» шағын ауданы, Нұрпейісов Б. көшесі, 45

жалпы-0,0803 иеліктен шығарылатын ауданы-0,0023

3

Батырбеков Тагай

20-322-005-916

«Достық» шағын ауданы, Смайылов көшесі, 50А

жалпы-0,0796 иеліктен шығарылатын ауданы-0,0020

4

Слободенюк Любовь Ивановна

20-322-005-976

«Достық» шағын ауданы, Смайылов көшесі, 56

жалпы-0,0813 иеліктен шығарылатын ауданы-0,0088

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zher/documents/details/1087515?lang=kk