Қарғалы ауылдық округі, Бұланбай бауы ауылының 2026 жылғы 9 айдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы

Қарғалы ауылдық округі, Бұланбай бауы елді мекенінде тұрғын үй саны -220, Халық саны 1200 адам. Қазіргі уақытта Қарғалы ауылдық округіне қарасты №241 Қ.Әбдіқадыров атындағы орта мектеп, Сыр суы бөлімшесінің су құбыры, «Қарғалы» дәрігерлік емханасы, Клуб үйі, Балжан-ай балабақшасы, Ветеринариялық пункт, Қаз почта, «Алтай қожа» мешіті халыққа қызмет көрсетуде. Ауылда саяси-әлеуметтік жағдай тұрақты.

Әлеуметтік сала туралы

   2026 жылғы 1 Қаңтардағы   жағдай бойынша экономикалық белсенді халық саны – 638, жұмыспен қамтылған халық саны – 620 (оның ішінде өзін өзі жұмыспен қамтушылар 135, жалдамалы - 485), ) жұмыссыздар – 18, экономикалық белсенді емес халық саны – 531.

. Көктемгі әскери шақыртуға-15 бала, медециналық комиссиядан өткені-3, әкімгершілік айыппұл салынғаны -8, әскерге жөнелтілгені -1 бала, берліген меже 50% пайыз  орындалуда,

Білім саласы:№241 Қ.Әбдіқадыров атындағы орта мектебінде 40 мұғалім, 198-оқушы, 32 техникалық қызметкер бар. Мектеп алды даярлық тобына 11 бала тартылды.  Биылғы жылы бітіруші түлектер саны-15, ҰБТ-ке қатысатыны-11оқушы,

Денсаулық саласы: Ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету – амбулатория ұжымының басты мақсаты. Қазіргі уақытта мұнда 11 қызметкер халыққа күнделікті ем-дом шараларын көрсетіп, профилактикалық жұмыстармен де белсенді айналысып келеді. «Қарғалы» дәрігерлік амбулаториясында 2026 жылдың алғашқы 4 айында жалпы 2024 тұрғын қабылдауда болды. Оның ішінде, ауруына байланысты – 1273 адам, диспансерлік есеп бойынша – 224 адам, профилактикалық тексерумен – 751 адам қамтылды. Сонымен қатар, амбулатория жанынан 3 орынға арналған күндізгі стационар тұрақты жұмыс жасап келеді. Бүгінгі таңда стационарда 25 науқас ем қабылдады.ПМК мамандарының қатысуымен жыл басынан бері 2 рет профилактикалық тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындардың денсаулығын бақылау шаралары жүргізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие; Балғын балалардың тәрбиесіне де ауылда ерекше көңіл бөлінуде. 2016 жылы ашылған «Балжан-Ай» балабақшасы 18 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Балабақша 80 балаға арналған және толық қуаттылығымен жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар, бұл мекеме ауылдың әлеуметтік, мәдени шараларына үнемі белсене қатысып, демеушілік және қоғамдық жұмыстардан шет қалмайды.

     Мәдениет саласы: Қарғалы ауылдық клубы 1973 жылы салынған. «Қарғалы» ауылдық клубы мемлекттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында 8 адам жұмыс жасайды. 5,5 штаттық бірлікпен жұмыс атқаруда, Клубта 4 үйірме жұмыс жасайды: «Шашу» би үйірмесі, «Көркемсөз» үйірмесі, «Ән» үйірмесі «Драма» үйірмесі.  «Қарғалы» ауылдық клуб үйінде жыл басынан бірнеше іс-шара өткізілді. Атап айтқанда 8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі, Наурыз мерекесі, , Жеңіс күні, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай іс-шаралар кең көлемде аталып өтті.

      №31 орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бөлімшесінде 15488 дана кітап қоры бар. Кітапхана оқырмандармен түрлі танымдық тақырыптарда іс-шаралар ұйымдастырылды.бір адам қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Ауыл шаруашылығы саласы;

   Қарғалы ауылдық округі, Бұланбай бауы елді мекенінде ауыл шаруашылығы бағытында белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінде ауылда 12 шаруа қожалығы мен кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, тұрақты түрде жұмыс жасауда.

    Ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің иелігінде жалпы -3914 бас мүйізді ірі қара- 3283 уақ мал- 1628 жылқы, 42 түйе бар. Бұл көрсеткіштер – ауыл шаруашылығына деген сұраныс пен әлеуеттің жоғары екенін байқатады. Әсіресе соңғы жылдары жылқы шаруашылығы мен уақ мал басының көбеюі байқалып отыр

      Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, екі азамат мал басын көбейту мақсатында жер телімін алу бойынша өтінім беріп, конкурс нәтижесінде жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда олар 50 гектар жер телімін жалға алып, өз кәсіптерін жүргізуде. Сонымен қатар, биылғы жылы тағы 2 ауыл тұрғыны жер алуға ниет білдіріп, тиісті құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде.

 

      Кәсіпкерлерді қолдау бағытында жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп ашуға ниетті 4 азаматтың құжаттары жинақталып, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жолданды. Қазіргі таңда конкурс өткізу күнін күтуде. Бағдарлама аясында алдағы уақытта ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау жұмыстары жалғасатын болады.

  «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазарту, көркейту-көгалдандыру бойынша іс-шаралар туралы.2026 жыл Қарғалы ауылдық округі, Бұланбай бауы ауылының аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, ауылдың барлық аймақтарын қамтыды.

 Сонымен қатар, экологияны қорғау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында ауыл маңындағы қоқыс полигоны қоршалып, аумағына тегістеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, аталған нысан ретке келтіріліп, ауыл тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілді.

Аулалар мен көшелерде   әр сенбі сайын тазалық жұмыстары жүргізіледі..

 Жасыл белдеу бойынша ауыл кіре берісіне 300 түп ағаш егіп күтіп ұстаудамыз.    Жоғарыда аталған бағыттар бойынша Қарғалы ауылдық округі, Бұланбай бауы ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы, тазалықты сақтау, азаматтарды қолдау, және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Әрбір салада бекітілген жоспарларға сәйкес нақты шаралар жүзеге асырылып, оң нәтижелерге қол жеткізіл

Әлеуметтік сала туралы: 2026 жылы Қарғалы ауылдық округінде ауыл инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, ауылдың кіреберіс аркасынан бастап елді мекен ішіне дейін көше жарықтандыру жүйесі орнатылып, толық пайдалануға берілді. Аталған жоба ауылдың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар үшін, әсіресе қыс мезгілінде оқушылардың білім алу орындарына қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына мүмкіндік жасап отыр.

      Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жұмыссыз азаматтарды қолдау мақсатында 10 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

    Ауылымыздың депутаты Салқынбаев Мұқанбетжан Бекмырзаұлы – ауылымыздың жанашыры. Айтулы мерекелерде, әсіресе Ораза және Құрбан айт мерекесінде тыл  ардагерлерін дәріптеп құрметтеп  қолдау білдіріп әлеуметтік көмек көрсетіп жүргенін ауыл халқы жақсы біледі. Бұл игі істер алдағы уақытта да жалғасын табарына сенімдіміз.        

      Сонымен қатар, тұрмысы төмен 12 отбасыға азық-түлік таратып, олардың күнделікті өміріне қажетті қолдау көрсетті. «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға мектепке қажетті жабдықтарды алып беруі – жастардың білім алуы үшін жасалған маңызды қадам.

Салық базасын кеңейту.  Салық базасын нығайту мақсатында ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік салаларына ерекше көңіл бөлінді. Бұланбай бауы аумағында 12 шаруа қожалық,  22 жеке кәсіп нысаны тіркеліп, барлығы жұмыс жасауда.

Ауыз су:   Қарғалы ауылын таза сумен қамтамасыз ету «Сыр суы» өндірістік бөлімшесінде-3 машинист-оператор, 1 бақылаушы кассирі жұмыс істейді. Ауыз сумен ауылды толық қамтамасыз етіп отыр. 1 кәсіпкер водавоз арқылы ауыз су тасымалдап, тұрғындардың сұранысын артыруда.

Қоғамдық тәртіп:  Ауылда тұрғындардың, елдің тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында учаскелік полиция қызметкері жұмысын атқаруда. Полиция пункті Қарғалы ауылдық округі әкімдігі ғимараты ішінен берілген. Ауыл тұрғындарымен бірнеше рет кездесу жұмыстары өткізілді.

Салық түсімдеріСалықтық түсімдер болжамы 1 миллион 572,0 мың теңге болып бекітіліп. Жыл соңында 5 миллион 087,2  мың теңгеге орындалып 154,0  пайызға орындалған.

Мүлік салығы 70,0 мың теңге болса, жыл соңында орындалғаны 177,8 мың теңге немесе 254,1  пайыз

Жеке тұлғаларға салынатын көлік салығы 1 миллион 300,0 мың теңге болса, жыл соңында орындалғаны 3мил 508,5  мың теңге немесе 136,5 пайызға орындалды.

Алдағы уақытта, шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелер:

1. Статционарлық көпір салу.

2. Б.Айтуғанов көшесіне ауыз су тарту.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-qargaly/documents/details/1087452?lang=kk