Керделі ауылдық округінде 2026 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстар есебі

Бүгінгі таңда Керделі ауылдық округі Н.Бекежанов елді мекенінде Округ бойынша 3030- халықтың  1163-і экономикалық белсенді халық санатына кіреді. Жалпы округ бойынша жұмыспен қамтылған халық саны –1129, өзін –өзі  жұмыспен қамтыған -206 . Жұмыссыздар саны – 34 адам. Зейнеткер-264, мүгедегі бар азаматтар -98,

2026 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа – 10 адам тартылды. Тұрақты жұмысқа орналасқандар – 3адам, жастар тәжірибесінен –4азамат .Жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар – 60 адам.

  2026 жылы қолма қол ақшаны бақылау шотына барлығы  95 млн. 253 мың ,0 тиын  қаржы түскен. Жыл басынан жергілікті қоғамдастық жиындары өткізіліп келеді. Салық түсімдері Жеке табыс- 4 млн 598, Көлік салығы- 8млн 12500 теңге, мүлік салығы-121500 теңге .

       Ауылымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру және ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Ауылдық округте кіші және орта кәсіпкерлікті жүргізу бағытында тіркелген субьектілер саны - 107, шаруа қожалықтары - 27, жеке
кәсіпкерлер - 80

 Округ бойынша 27 ауылшаруашылығы құрылымдары жұмыс атқарады. Оның ішінде 13-і мал шаруашылығымен, 1 балық шаруашылығымен және 13-і егін шаруашылығымен айналысады.

       Мал шаруашылығы саласына келсек округ бойынша  

р/с

Жылы

МІҚ

Уақ мал

Жылқы

түйе

1

2026

3362

6877

1267

 

Елді мекен бойынша бүгінгі күнге жалпы жеке кәсіпкерлер саны –80. Оның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамытуда  ауылымызда  9 сауда нүктесі, 

 2 монша тұрғындарға қызмет көрсетеді және 15 азамат мал бордақылаумен айналысуда.

Керделі ауылдық округінде кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету бағытында түсіндірме жұмыстар жүргізілуде.  2025 жылы «Ауыл Амант»  жобасы бойынша 1 азамат 5 млн теңге, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша  8 азамат-11 млн 600 мың грант иегері  атанып  өз кәсіптерін жасауда.

 Ауылдық округте шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамытудың іс-шара жоспарын бекітіп, жоспарға сәйкес, ауыл тұрғындарынан «Бизнес Бастау», «Аманат» жобалары бойынша ауыл тұрғындарына түсіндірме ақпараттық жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді., Қазіргі таңда 1 жоба дайындалып «Ауыл аманаты» бағдарламасына өтініш тасталуда.     

                   БІЛІМ  БЕРУ

      № 156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінде қазіргі уақытта 553 оқушы білім алып жатыр.Мектептегі барлық мұғалім -96, жоғары білімді мұғалімдер саны – 94, арнаулы орта – 2 педагог-зерттеуші – 38,педагог-сарапшы – 25,педагог-модератор – 21, педагог – 12, техникалық қызметкерлер – 61 қызметкер жұмыс жасайды. Оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейімдеу мақсатында әр түрлі шаралар өтуде. 

      Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Қарлығаш» бөбекжайында КМҚК «Қарлығаш» бөбекжай – бақшасында 

  Әлеуметтік – эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында бөбекжайда 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жоспар жасалынды.

Бөбекжай – бақшамызда 20 педагог қызметкер, 22 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Бөбекжайда 6 топта 130 бала тәрбиеленуде, оның ішінде 1- аралас топ, 2- кіші топ, 1-ортаңғы топ, 2- ересек топ бар. 2025 жылы «Қарлығаш» бөбекжай – бақшасына 11 млн 646 мың теңге қоршауы ауыстырылды.

         2013 жылдың қазан айынан бастап ЖШС «Бал-шырын» ясли жеке бала бақшасы Балапан бағдарламасымен жұмыс атқарады. 2023 жылы ақпан айында 2-3 аралықта 15 орындық 1 топ қосылды. Жобалық қуаты 65 орындық. Балабақшада барлығы – 33 бала тәрбиеленуде.

          Балабақша газбен жылытылады.

          Бала бақшада 5 педагогикалық маман және 6 техникалық қызметкер жұмыс атқарады.     

МӘДЕНИЕТ  САЛАСЫ

           Ауылдық мәдениет үйіне  Қобыз, домбыра  би,ән , баян, көркем сөз үйірмелері  жұмыс жасайды. Өткізілген шара саны – 37

Қамтылған көрермен саны – 2660  адам

Ақылы қызмет жоспары– 205 666 тг, І жартыжылдықа орындалуы - 174000 тг,    пайызы - 70%

«Кедергісіз  келешек» партиялық жобасы  аясында

·          «8-наурыз Халықаралық әйелдер» күніне орай  тылда қызмет жасаған ардагер аналармен кездесу өткізіліп сый құрмет көрсетілді.

 «Ұлттық мұра» партиялық жоба аясында

·          22 Наурыз мереке қарсаңында «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты ұранмен ұлтық дәстүрлер ,спортық жарыстар өткізілді.

·       «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында  ауылымыздың  9 тыл/еңбек ардагерлерін, құттықтап, құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасалды:  

Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музей филиалында

2026  жылдың мамыр айына дейін  2 965 келуші қамтылып, 128 рет экскурсия жүргізілді. Аталған мерзімде музей қорына  37 дана экспонат жинақталып, негізгі қор 20  дана,  17дана көмекші қорға қабылданды. 

СПОРТ

        Керделі ауылдық округі Н.Бекежанов ауылында орналасқан, «Ш.Ермағанбетов » атындағы  2   қабатты, 180 орындық, 16 бөлме спорт кешені 2021 жылы 2 желтоқсанында пайдалануға беріліп. Облыстық ,аудандық  өткен республикалық  қазақ күрес турнирінен  Жахатов Қасым, Еспай Дидар, Жахатов Бекжан 1-2-3  орынды иеленіп келеді.Баскетболдан 2012-2013 жылғы  жасөспірімдер арасынан ашық турнирде 1 орын иеленді. Ақпан айынан  бастап таеквандо үйірмесі жүмыс жасап келеді. 

                ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ 

  2019- жылы  ДА  Н.Бекежанов  емханасы пайдалануға берілді

Онда 2-дәрігер, 1 акушерка,   5 жалпы  тәжірибелік   мейірбике,  1  әлеуметтік    қызметкер, 1ине шаншу мейірбикесі 1 химизатор,1тазалықшы, 2 қарауыл ,1 жүргізуші жұмыс жасайды.

жұмыс жасайды.

Халық Саны – 3026

0-14 Жас Бала – 914

65 Жастан Жоғары Қарттар – 269

Мүгедектігі бар балалар – 28

Ересек – 67

  Жалпы Дәрігер Қабылдауына Келген Науқастар – 3220

Адам Оның Ішіндегі Ауырып Келгені – 64

Скрининг Арқылы Өткені – 72

Туылған Бала –  15

Қайтыс Болғандар – 3

Күндізгі Стационарға Алынған Науқастар – 64

Тегін Дәрімен Қамтылған Науқас Саны – 1230 

      Көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша

 Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен жеке демеушілердің қолдауының арқасында Нартай аяқ су каналының қайта қазу және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар жеке демеушілік және ауыл халқының көмегімен жүзеге асырылып, қазіргі таңда ел игілігіне қызмет етуде. Нартай аяқ су каналдың тазалануы егістік жерлерді сумен қамтамасыз етуге бетондау жұмысына «Халық» фермер қожалығының төрағасының демеушілігімен аяқ су мәселесін шешуге оң әсерін тигізуде.

Көктем айларында ауылды көгалдандыру мақсатында жеке қаражат есебінен 500 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Алдағы уақытта да көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Туған жерді дамытуға №156 Н.Бекежанов атындағы мектептің 20 жылдық  түлектері «Арғын ата» мешітінің имамына тұрғын  үйін және ауыл азаматтарының асар әдісімен асхана құрылысы салынуда. Ауыл тұрғындарына демеушілік жасап ауыл тұрғындарына көмек  қолын созып жүрген азаматтарымызда жетерлік. Мысалға алатын болсақ Дулатов Нұржан ,  мереке сайын тұрмыс төмен отбасыларын азық түлікпен қамтамасыз етеді .  Тобажанов Ғазиз «Айдәулет» шаруа қожалығының төрағасы, жыл сайын 20 қой  тұрмысы төмен отбасыларына береді.  Халық фермер қожалығының төрағасы, жыл сайын ауыл ардагерлеріне бір көлік шөп және әр отбасына 50 кг күріш, мүгедек балалары бар отбасыларына күріш беріп отырады мереке сайын қаржылай да көмек береді. Уралов Мухтар  «Мұхтар» фермер қожалығы, Айтасов Нұрлан «Серік» шаруа қожалығы, Әтеев Достияр «Жақсылық» шаруа қожалықтары мереке сайын көмек береді.                                   

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

      - Ауыл тұрғындарының жер сұрап кезектілікте тұрған азаматтардың саны жүзге жуық, осыған байланысты елді мекеннің бас жоспарын әзірлеп, берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізілу мәселесі туындап отыр.

      - М.Әуезов, Абай Құнанбаев. Н.Бекежанов.М.Қалдыбаев  көшелерінің бойынан жаяу жүргіншілер жолын салу қажет

- 7 көшеге  көше жарығын жүргізу. 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-kerdeli/documents/details/1087443?lang=kk