Орналасқан жері, пошталық мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Рымбек Байсейітов көшесі, 145-үй
Байланыс телефоны: 8 (7222) 354615, 354640
Электрондық пошта: scool43@mail.ru
Бос лауазымның атауы: орыс тілінде оқытатын мектепке декреттік демалыс уақытына логопед-дефектолог.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Жоғары педагогикалық білімі немесе «логопед-дефектолог» бағыты бойынша кәсіби білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмастан педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты болуы тиіс;
- Және (немесе) жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда логопед-дефектолог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін — 2 жылдан кем емес, педагог-сарапшы үшін — 3 жылдан кем емес, педагог-зерттеуші үшін — 4 жылдан кем емес және педагог-шебер үшін — 5 жылдан кем емес;
- Компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындауға арналған бағдарламалық жасақтамаларды білу және меңгеру.
Еңбекақы мөлшері мен шарттары: 5 күндік жұмыс аптасы, 1 (бір) ставкаға. Жалақысы: жоғары педагогикалық білімі үшін — 130 мың теңгеден басталады.