Таза қолдар - денсаулық кепілі

Қолды үнемі жуу күн сайын мыңдаған адамның өмірін сақтайды. Халық арасында гигиена деңгейі жоғары болған сайын жұқпалы аурулар аз тіркеледі. Бұл Азия және Африка елдеріндегі жұқпалы аурулардан, соның ішінде балалар өлімінің жоғары деңгейімен расталады. Жуылмаған қол арқылы жедел ішек инфекцияларының (тырысқақ, гепатит, дизентерия және т.б.), гельминттердің қоздырғыштарын жұқтыру мүмкін, сондай-ақ вирустық аурулардың (тұмау, жіті респираторлық инфекциялар, қызылша, ротавирустар және т.б) қоздырғыштары да лас қол арқылы бір адамнан екінші адамға жұғуы әбден мүмкін.

Неліктен қолды жуу соншалықты маңызды? Ең алдымен, қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштары біздің ағзамызға қоршаған ортадан енетінін есте ұстаған жөн. Біз күніне қанша рет микробтармен ластанған заттармен жанасатынымызды елестетіп көріңізші: есік тұтқалары, жарық қосқыштары, ақша, компьютер пернетақталары, ұялы телефон. Микробтар лас жағдайларда көбейеді, лас және дымқыл қолдарда тез көбейеді, бірақ таза, құрғақ теріде өледі. Ежелгі уақытта, эпидемиялар жиі болған кезде, көптеген адамдар қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау арқылы өздерін құтқарды.

Қолды қашан жуу керек:

• Тамақтану алдында;

• Тамақты дайындағанға дейін, дайындау кезінде және одан кейін;

• Балалармен қарым-қатынас жасамас бұрын;

• Дәретхананы пайдаланғаннан кейін;

• Қоқысты ұстаған соң;

• Науқас адаммен байланыста болғанға дейін және кейін;

• Жануарларға, олардың тағамына немесе қалдықтарына тигеннен кейін;

• Жараны емдегенге дейін және кейін.

• Үйге сырттан оралғаннан кейін;

• Қоғамдық жерге барғаннан кейін, әсіресе қоғамдық көліктен түскеннен кейін;

• Үй-жайларды тазалағаннан кейін;

• Қолды қалай дұрыс жуу керек:

• Қолды 30 секундтан артық және әрқашан сабынның жеткілікті мөлшерімен жуыңыз;

• алдымен алақанның ішкі жағын ысқылаңыз, содан кейін саусақтарыңызды бір-бірінен алшақтатып, алақанды іш жағынан және сырт жағынан ысқылаңыз, саусақтарыңызды құлып сияқты біріктіріп, сосын бас бармақтарыңызды жеке-жеке айналмалы қозғалыстармен жуыңыз. Саусақтардың арасын және тырнақ астын ысқылаңыз.

• Қолыңызды ағынды сумен шайыңыз.

• Жуғаннан кейін оларды сүлгімен жақсылап құрғатыңыз немесе ауада кептіріңіз (жеке, құрғақ, таза сүлгілерді немесе бір рет қолданылатын сүлгілерді пайдаланыңыз).

Егер қолды жуу мүмкін болмаса, қолды дезинфекциялау құралын қолданған жөн: оны қолыңызға жағып, бір-біріне ысқылаңыз және құрғатыңыз. Қолды жуу қарапайым процедура болып көрінуі мүмкін, бірақ дәл осы бізді көптеген аурулардан қорғауға көмектеседі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/documents/details/1087205?lang=kk