«Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың III-ші тоқсанында көрсеткіштердің орындалуы туралы есебі

«Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың III-ші тоқсанында көрсеткіштердің орындалуы туралы есебі

 

 

 «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ – 6 штаттық бірлік бар. Оның ішінде:

- 1 бөлім басшысы;

- 1 сектор меңгерушісі;

- 4 бас маман.

Жыл басынан 4 бас маман жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта бос (вакантный) орын жоқ.

Мемлекеттік мекеме 8 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

Жыл басынан бері 156 өтінім түсіп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- 1 ағаштарды кесуге рұқсат беру - 86 өтінім;

- 2 субъектілердің күзгі-қысқы кезеңге дайындығы туралы паспорт беру - 1 өтінім;

- 3 жолаушылар тасымалын тасымалдаушының шығындарын субсидиялау - 26 өтінім;

- 4 қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға рұқсат беру - 3 өтінім;

- 5 мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру бойынша - 8 өтінім;

- 6 тұрғын үй сертификатын алу бойынша - 1 өтінім;

- 7 қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;

- 8 елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу бойынша.

Оларға нақты тоқталатын болсақ:

  1. 1. Ағаштарды кесуге рұқсат беру мемлекеттік қызметі бойынша жыл басынан бері 86 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 48 өтініш жеке тұлғалардан және кәсіпкерлерден,
    3 мемлекеттік мекемелерден жолданған. Нәтижесінде
    51 өтініш бойынша рұқсат беріліп, 32 өтініш кері қайтарылды, 1 қабылданбады (өтініштің қате, тиісті құжаттарының толық болмауына байланысты).
  2. 2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңге дайындығы туралы паспорт беру бойынша жыл басынан бері 1 өтініш келіп түсті. Мемлекеттік қызмет Ескелді ауданын жылумен жабдықтаушы мекеме «Қарабұлақжылу» МКК – не көрсетілді.
  3. 3. Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау қызметі көрсетілді. Жыл басынан бері «Тасымал» ЖШС-нен 27 өтінім келіп түсіп, 26 – өтінім қанағаттандырылып, 1 өтінім кері қайтарылды (өтініштің қате, тиісті құжаттарының толық болмауына байланысты).
  4. 4. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу бойынша жыл басынан бері 3 рұқсат беру туралы өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 3 өтініш бойынша рұқсат беріліп (өтініштің қате, тиісті құжаттарының толық болмауына байланысты).
  5. 5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіру бағытында атқарылған жұмыстар туралы.

Жыл басынан бері азаматтардан мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді бөлу, толық төлем жасап алу және тегін жекешелендіру бойынша барлығы 8 өтініш түсіп, толықтай қарастырылды.

1) бюджеттік ұйым қызметкерлері санаты бойынша – 1 адам;      

2) 1 және 2-топтағы мүгедектер санаты бойынша – 3 адам;

3) Халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша – 4 адам;

  1. Жыл басынан бері тұрғын үй сертификатын алу мақсатында электрондық форматта 1 өтініш түсіп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралып, қабылданды.

Түскен өтініш санаты:

1) 1 және 2-топтағы мүгедектер санаты бойынша – 1 адам;

Қайтарымсыз қаржылай көмек (грант): 1 адамға 1,5 млн теңге көлемінде берілді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап, мамыр айының 24 - не дейін 138 азамат/азаматша тұрғын үй кезегіне тұрды (жетім балалар - 16, халықтың әлеуметтік осал топтары - 44, бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері - 41, көп балалы отбасы – 35, жалғыз тұрғын үйі заңнамада белгіленген тәртіппен апатты деп танылған ҚР азаматтары - 2).

Мемлекет басшысының ҚР «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңына өзгерістір енгізуіне басланысты 2025 жылдың 24 мамырынан бастап kezekte.kz базасы «Отбасы Банк» АҚ – на өткізілді. Өткізілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың саны – 1403. Оның ішінде:
(жетім балалар - 175, халықтың әлеуметтік осал топтары - 611, бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері - 248, көп балалы отбасы - 367 және жалғыз тұрғын үйі заңнамада белгіленген тәртіппен апатты деп танылған ҚР азаматтары - 2).

7-8. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару, сондай-ақ елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу бойынша жыл басынан бері 2 өтінім.

Сондай-ақ, жыл басынан бері мемлекеттік мекеменің құжат айналымы:

- Документолог базасы бойынша барлығы 602 хат
(кіріс хаттар – 331, шығыс хаттар – 271). Барлық түскен хаттар уақытылы орындалуда.

- e-Өтініш базасы бойынша барлығы 213 өтініш
(заңды тұлға – 68 , жеке тұлға – 138, ұжымдық - 7) түсіп, тиісті жауаптары ұсынылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік қызметтермен қатар ауданымыздың инфрақұрылымының дамуына өз үлесін қосуда.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy/documents/details/1087113?lang=kk