Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ
Мәслихат депутаттарының сайлауында кандидаттардың сайлау жарнасын енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104 бабының 1-1 тармағына сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.
ДЕРЕКТЕМЕ:
"Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
БСН 920240000830
ЖСК KZ830705031222756002
БСК KKMFKZ2A
«ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Жаңаөзен қалалық басқармасы» РММ
Кбе 16
ТТК 890