2026 жылға арналған Святослав ауылының ауылдық мәдениет үйінің IV тоқсанға арналған жұмыс жоспары

Святослав ауылының ауылдық мәдениет үйінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары

Жұмыстың негізгі бағыты ретінде туған өлкенің тарихын зерделеу, Қазақстан Республикасы халықтарының мәдениеті мен тілдерін насихаттау, жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал ету белгіленсін.

  • Ауыл тұрғындарының барлық топтарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен өмірлік қызметінде шектеулері бар азаматтарға мәдени-демалыс қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  • Жасөспірімдер мен жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту.

  • Маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу арқылы оң өмір салтын қалыптастыру. Есепте тұрған кәмелетке толмағандарды мәдениет мекемесінің шығармашылық қызметіне тарту.

  • Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, дәстүрлі халық мәдениетін оның сан алуандығында сақтау және дамыту.

  • Өткізілетін іс-шаралардың көркемдік деңгейін арттыру.

  • Халыққа мәдени-демалыс қызметін көрсетудің жаңа түрлерін енгізу.

  • Мәдениет саласындағы қоғамдық қажеттіліктерді зерделеу.

  • Халықтың сұранысына сәйкес қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша үйірмелер, шығармашылық ұжымдар және басқа да клубтық бірлестіктер құру және олардың жұмысын ұйымдастыру.

  • Барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу.

  • Семинарларға, біліктілікті арттыру курстарына және шеберлік сабақтарына қатысу арқылы мәдениет қызметкерлері мен шығармашылық ұжым жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттыру.

  • Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

  • Материалдық-техникалық базаны ұтымды пайдалану және нығайту.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-beloglin/documents/details/1087065?lang=kk