Еңбекші ауылдық округінің
2026 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы
АНЫҚТАМА
Еңбекші ауылдық округінде тұрғын үй саны 309, халық саны 1821 адам. Ауылда саяси-әлеуметтік жағдай тұрақты. Ауыз су, аяқ су, электр жарығы, табиғи газ және басқа да мәселелер өз шешімін тапқан.
Әлеуметтік сала туралы
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша экономикалық белсенді халық саны – 719, экономикалық белсенді емес халық саны – 1102.
Жұмыспен қамтылған халық саны –396, зейнеткерлер – 151 адам.
Елді-мекенде 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп баласы бар 25 отбасыға табыстарына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған.
2026 жылғы 9 айда жұмыспен қамту мәселесі бойынша 41 азамат жүгінді. Оның ішінде
7 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. 12 азамат ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.
Салық түсімдері
2026 жыл үшін салықтық түсімдерінің 9 айға орындалғаны: жеке табыс салығы
- 2 800 000 теңге, мүлікке салынатын салықтар – 240 000 теңге, көлік құралы салығы – 7 500 000 теңге, біріңғай жер салығы – 820 000 теңге, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы
– 22 985 000 теңге.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы
Есепті кезеңде ауылдық округ бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны
100-ге жетті, оның ішінде 31 жеке кәсіпкер, 69 шаруа қожалық бар.
2026 жылы жүзеге асыру үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Асыл тұқымды сүтті мүйізді ірі қара» жобасымен өндірістік кооператив жобасы, автокөліктерді техникалық жөндеу орны, жылыжай жеке кәсіпкерлік жобалары әзірленуде. 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз грантқа омарта шаруашылығы, тұрғын үйлерге тазалық жүргізу, қазақы киіз үй мен қазан-ошақты жалға беру атты жобалары ұсынылады деп күтілуде.
Ауыл шаруашылығы саласы
2026 жылғы егін егу маусымына 7 шаруа қожалық қатысады. Олар 326 га күздік бидай, 764 га күріш, 336 га жаңа жоңышқа, 220 га ескі жоңышқа, 90 га соя, жеке тұрғындар 10 га сүрлем жүгері, 10 га мал жемдік асқабақ, 5 га картоп, 91 га көкөніс, 90 га бақша егілді. Биыл аталған шаруа қожалықтар мен жеке тұрғындардың жиыны 1942 гектарға егін егілді.
Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша мал шаруашылығы саласында МІҚ 5145 бас, қой-ешкі 26 742 бас, жылқы 1326 бас, түйе 414 басты құрады.
Ауылдың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы
Ауылдық округ бойынша 9 көше 1 көше тұйығы бар, ішкі жолдардың ұзындығы 10,52 км болса, оның ішінде 6 көше 7.82 км-не асфальт төселген, 3 көше 1 көше тұйығы 2,70 км қиыршық тасты.
Ауылдық округ бойынша барлық көшелерге 320 дана жарық диодты шамдар орнатылған.
Сонымен бірге, ауылдық округте «Балаларға арналған ойын алаңы», «Жаттығу алаңы», «Шағын спорт алаңы», «орталық саябақ» бар.
2026 жылы елді-мекеннің қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 2 га орны (полигон) арнайы техниканың көмегімен (погрузчик) тазартылды.
2026 жылы Еңбекші ауылынан «Өрт сөндіру бекеті салынып, пайдалануға берілді. Айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, толық қоршалып, түнгі жарықпен қамтамасыз етілді.
«Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасының аясында округ аумағында тұрақты түрде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып келеді. 2026 жылдың басынан бастап аталған жұмыстарға 8 мемлекеттік мекеме, 2 кәсіпкерлік субъектісі, 100 ден аса ауыл тұрғындары және 7 арнайы техника жұмылдырылып, 6 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жойылды. Көгалдандыру жұмыстары аясында 500 түп ағаш отырғызылды. Ауылға кіребесір жол бойындағы жасыл белдеу көлемі 1600 шаршы метрден астам ұлғайды. Алтайбаев көшесінің бойынан ағаш отырғызуға арналған қоршау жұмыстары жалғасуда, іргетас құю жұмыстары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау
Еңбекші ауылдық дәрігерлік амбулаториясында 12 адам жұмыс жасауда. Жыл басынан бастап жылжымалы медициналық кешенді көлік 2 мәрте ауылға келіп, 335 адамның денсаулығын тексерді. Оның ішінде флюрографиядан 186 адам өтті. 4 айда жүктілігі бойынша
6 азамат тіркеуге алынды. «Д» есепте 266 адам бар. Мемлекет есебінен ақылы емес дәрі-дәрмекпен 228 азамат қамтылған.
Білім беру
Қазіргі таңда №159 «Еңбекші» орта мектебінде бірінші сынып пен он бірінші сынып аралығында 316 (үш жүз он алты), даярлық сыныбында 28 (жиырма сегіз) барлығы 344 (үш жүз қырық төрт) оқушы білім алуда.
№84 «Қосүйеңкі» негізгі мектебінде бірінші сынып пен тоғызыншы сынып аралығында 41 (қырық бір), шағын орталықта 17 (он жеті) барлығы 58 (елу сегіз) оқушы білім алуда.
Аталған білім алушы шәкірттерге мектепте 49 (қырық тоғыз) педагог кадр Оқу-ағарту министрлігінен бекітілген білім стандарттары және талаптар мен ережелерге сәйкес білім мен тәрбие берсе, 28 (жиырма сегіз) кіші техникалық қызметкерлер мектептің тиісті жұмыстары мен шаруашылық істерін атқаруда.
«Нұр-бөбек» бөбекжай бақшасында қазіргі таңда барлығы 76 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Балалар "Күншуақ" ересек тобы және «Бәйшешек» орта тобы бойынша "Ботақан" мектеп алды даярлық тобы бойынша «Айгөлек» кіші тобы «Балапан» ерте жас тобы болып
5 топпен қамтылған. Мекемеде 38 қызметші 16 педагог, 22 кіші қызметкер болып жұмыс атқарады.
«Әділжан» балабақшасында қазіргі таңда барлығы 59 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Балалар " Балдырған" ересек тобы және "Еркетай" орта тобы бойынша «Балапан» кіші тобы болып 3 топпен қамтылған. Мекемеде 13 қызметші, 3 тәрбиеші, 3 тәрбиешінің көмекшісі жұмыс атқарады.
Аталған білім алушы шәкірттерге мектепте 19 (он тоғыз) педагог кадр Оқу-ағарту министрлігінен бекітілген білім стандарттары және талаптар мен ережелерге сәйкес білім мен тәрбие берсе, 15 (он бес) кіші техникалық қызметкерлер мектептің тиісті жұмыстары мен шаруашылық істерін атқаруда және шағын орталықта 1 тәрбиеші 4 қызметкер жұмыс жасауда.
Аталған балабақшаларда оқу-тәрбие жұмыстарының жылдық жоспарына сәйкес танымдық, шығармашылық, тілдік және дене дамуын жетілдіру мақсатында түрлі оқу қызметтері мен тәрбиелік шаралар өткізілуде.
Мәдениет
«Еңбекші» ауылдық клуб үйінде 12 штатта 13 жұмыскер еңбек етуде. Мекеменің ақылы қызметі 2026 жыл үшін 416 мың теңгеге жоспарланып, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 327 мыңға орындалды (78,61 пайыз). 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 22 түрлі іс-шара ұйымдастырылды.
Ауыл кітапханасында 16310 кітап қоры бар.