Сайлауалды үгіт материалдарына баспа алаңын беру
шарттары және төлем жасау туралы мәлімет
2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерінің редакциясы мәслихат депутаттарын сайлау кезінде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетін ұсыну шарттары мен ақы мөлшері туралы хабарлайды.
Редакция газетінің 2, 3, 4, 5-беттерінде (ақ-қара түсті) материалдарды орналастыруды ұсынады. Жариялау жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда қабылданады. «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерінде 1 шаршы сантиметр баспа алаңының құны 175 (жүз жетпіс бес) теңгені құрайды.
Материалдар дайын, басып шығарылған күйінде (әр параққа кандидаттың немесе оның сенімді өкілінің қолы қойылған) немесе электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
Сайлауалды үгіт-насихат материалдары 100 пайыз алдын ала төлем жасалғаннан кейін, олардың редакцияға келіп түсу кезектілігіне және «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерінің редакциясымен жасалған шарттарда көрсетілген жариялау күндеріне сәйкес орналастырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын сайлауалды үгіт-насихат материалдарында қаржыландыру көздері туралы ақпарат міндетті түрде көрсетілуі тиіс екенін еске саламыз.
Мәтінінің мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмейтін материалдар жарияланбайды.