Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеу жүргізудің негізі: 2026 жылғы 21 қыркүйектегі «Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі» КММ-де тіркелген T59 коды бойынша «Химиялық заттың өнімдерімен жедел ингаляциялық улану, жеңіл дәрежелі. Аралас типті вегетативтік-сосудистік дистония (ВСД)» жағдайы туралы шұғыл хабарлама.
2. Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің "Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандары.
4. Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы қыркүйек айының 18-нен бастап 2026 жылғы 16 қазан айына дейін.
5. Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: - «Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі» КММ.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылу себептері мен сипаты:- «Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі» КММ-де мынадай бұзушылықтар анықталды: Тергеу барысында химия кабинетінде түтін сорғыш шкафтың орнатылғанына қарамастан, химиялық реагенттерді қолданумен байланысты зертханалық жұмыстар кезінде оның пайдаланылмайтыны анықталды; бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 84-тармағын бұзу болып табылады.Түпкілікті диагноз қойылды: T59.9 «Белгісіз газдардың, түтіндердің және булардың уытты әсері».
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы НҚА талаптарын бұзған жеке және (немесе) заңды тұлғалар - жеке тұлға.
8. Қабылданған шаралар: ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қысқартылған тәртіппен жеке тұлғаға хаттама.