Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 11.09.2026 ж.-09.10.2026 ж.

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізінде  ҚР ДСМ, 25.06.2024, №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес 2026 жылдың  тамыз айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу  нәтижесі туралы 12.08.2026 жылғы  №7 актісі, 27.08.2026ж. 2260001218470158, зертхана хаттамасы  негізінде Майдың массалық үлесі 3,2% болатын ультрапастерленген сүті. Өндірушісі: Ресей, 350002, Краснодар өлкесі, Славянск-на-Кубани қаласы, Красная көшесі, 160-үй. Өндірілген күні: 07.03.2026ж/03.09.2026ж  өнімінен Жоғары технологиялық зерттеулер бөлімі бойынша стигмастерин анықталды.

2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Мақат аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Сарапшылар тартылған жоқ.

4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 11.09.2026-09.10.2026 жж.

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК  «Ергалиева Г.», Ергалиева Гульжанат

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп – тексеру барысында Майдың массалық үлесі 3,2% болатын ультрапастерленген сүті. Өндірушісі: Ресей, 350002, Краснодар өлкесі, Славянск-на-Кубани қаласы, Красная көшесі, 160-үй. Өндірілген күні: 07.03.2026ж/03.09.2026ж  өнімдерінін қадағалануынын қамтамасыз ететін ілеспе құжаттары, яғни жеткізуші жүкқұжаты тексеріске ұсынылды. Жеткізуші жүкқұжаты және сәйкестікті бағалау құжаттары тексеріске ұсынылғандықтан Майдың массалық үлесі 3,2% болатын ультрапастерленген сүті. Өндірушісі: Ресей, 350002, Краснодар өлкесі, Славянск-на-Кубани қаласы, Красная көшесі, 160-үй. Өндірілген күні: 07.03.2026ж/03.09.2026ж өнімдерінін өндіруді, сәйкестікті бағалауды, әкелуді, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асырған субъектілерді айқындауға мүмкіндік болды.

7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Ергалиева Г.», Ергалиева Гульжанат

8.Қабылданған шаралар: 31.08.2026 жылғы №15 Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1086449?lang=kk