Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізінде ҚР ДСМ, 25.06.2024, №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылдың тамыз айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесі туралы 12.08.2026 жылғы №7 актісі, 27.08.2026ж. 2260001218471894, зертхана хаттамасы негізінде Майдың массалық үлесі 3,2% болатын ультрапастерленген сүті. Өндірушісі: Ресей, 350002, Краснодар өлкесі, Славянск-на-Кубани қаласы, Красная көшесі, 160-үй. Өндірілген күні: 07.03.2026ж/03.09.2026ж өнімінен Жоғары технологиялық зерттеулер бөлімі бойынша стигмастерин анықталды.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Мақат аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Сарапшылар тартылған жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 11.09.2026-09.10.2026 жж.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Асылбек Е.О.», Есенов Асылбек Орынбаевич
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп – тексеру барысында Майдың массалық үлесі 3,2% болатын ультрапастерленген сүті. Өндірушісі: Ресей, 350002, Краснодар өлкесі, Славянск-на-Кубани қаласы, Красная көшесі, 160-үй. Өндірілген күні: 07.03.2026ж/03.09.2026ж өнімдерінін қадағалануынын қамтамасыз ететін ілеспе құжаттары, яғни жеткізуші жүкқұжаты тексеріске ұсынылды. Жеткізуші жүкқұжаты және сәйкестікті бағалау құжаттары тексеріске ұсынылғандықтан Майдың массалық үлесі 3,2% болатын ультрапастерленген сүті. Өндірушісі: Ресей, 350002, Краснодар өлкесі, Славянск-на-Кубани қаласы, Красная көшесі, 160-үй. Өндірілген күні: 07.03.2026ж/03.09.2026ж өнімдерінін өндіруді, сәйкестікті бағалауды, әкелуді, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асырған субъектілерді айқындауға мүмкіндік болды.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Асылбек Е.О.», Есенов Асылбек Орынбаевич
8.Қабылданған шаралар: 31.08.2026 жылғы №16 Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы берілді.