2026 жылдың 9 айындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша қорытынды ақпарат

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттердің сақталуын  бақылау бөлімінің 2026 жылдың 9 айда жүргізілген жұмыстарының қорытындысы  бойынша:

2026 жылдың ақпан айынан бастап «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің  2024 жылғы 28 маусымдағы № 46 бұйрығындағы өнім қауіпсіздігі мониторингін жүзеге асыру шеңберінде, 184  сауда объектісінен 1601 (отандық өндірушілер -185, ЕАС өндірушілер 794, өзге елдер-622) өнім түрі сатып алынып, сараптамаға жолданды.

Олардың – 523 (32,6 %) (отандық өндірушілер -10 (1,9%), ЕАС өндірушілер 204 (39 %), өзге елдер- 309 (59 %)) Кеден Одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес емес болып анықталды.

Жалпы  1015 тамақ сынамалары алынып  , олардың 225-і немесе 22,1 % техникалық регламенттер талаптарына сәйкес еместігі анықталды, оның ішінде 203-3 таңбалану талаптарына, 5-і қауіпсіздік көрсеткіші (бактериологиялық ластанған), 17 басқа да көрсеткіштер бойынша сәйкес еместігі орын алды.

     Ағымдағы жылдың 9-айында сатып алу жұмыстары жүргізіліп, барлығы 122 ЖДШ (МОР) жасақталып, жеке және заңды тұлғаларға табысталды. Тергеп-тексеру жұмыстары аясында  62 нысан қамтылды, оның ішінде: 54-нысанда  тексеру аяқталды, 8-нысанға тексеру жалғасуда.

2026 жылдың 9 айында 15 жарнама таратушы қамтылды, олардың қатарында интернет-ресурстар (Instagram, Facebook, Youtube және т.б.) мен бұқаралық ақпарат құралдары бар.Тексеріс нәтижесімен 15 аккаунттан  «Тағамдық белсенді қоспалар» өнімдерін жарнамалау талаптарын бұзу дерегі анықталды. Қазіргі таңда 15 аккаунт қолданушыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар жолданып,олардың 2-і орындалып, ал 13-ң ұсыныстары орындалмаған.

Санитарлық ағарту жұмыстары бойынша аумақтағы көтерме және бөлшек сауда субъектілерімен және жеке тұлғалар арасында 17 семинар-кеңес, 1 дөңгелек үстел өткізілді. Атырау облысы аумағындағы жергілікті  газеттеріне 19 мақала жарияланды. Сонымен қатар, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) 1202 мақала жарияланып, 50 тікелей эфир өткізілді.

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1086426?lang=kk