Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №298 «2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 298 «2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 89 381 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 11 300 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 240 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімдері – 77 358 мың теңге;

2) шығындар – 91 334,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 953,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 953,1 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 953,1 мың теңге.».

2.Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

                                                                             00354*

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат           төрағасы:

 

 

М.Турымов

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-irgiz/documents/details/1086367?lang=kk