Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының № 1 ХАТТАМАСЫ

Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының

№ 1 ХАТТАМАСЫ

 Малшыбай  ауылы                                                                        17 қаңтар 2026 ж

Малшыбай ауылы клубы                                                                          сағ: 11-00

 

Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері 5 адам, «Сарыкеңгір ауылдық округі Малшыбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Малшыбай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту;
  2. Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
  3. «Сарыкеңгір ауылдық округі Малшыбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы Малшыбай ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінімінің жобасын талқылау.

ТЫҢДАЛДЫ:

Жиналысты Малшыбай ауылының  әкімі Ерғазы Егізтайұлы Аянбаев ашып, жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.

Жиналыс төрағалығына Уәли Таевты, хатшылығына Ардақ Ерғалиұлы  Досановты сайлауға ұсыныстар түсті.

Жиналыс төрағасы  Уәли Таев жиналғандарды күн тәртібімен таныстырды:

  1. Малшыбай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту;
  2. Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
  3. «Сарыкеңгір ауылдық округі Малшыбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы Малшыбай ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінімінің жобасын талқылау.

Күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын:

«Қолдағандар» - 5 адам.

«Қарсы» - 0 адам.

«Қалыс қалғандар» - 0 адам.

Сөз Малшыбай  ауылының әкімі Ерғазы Егізтайұлы Аянбаевқа берілді:

Құрметті, жиынға қатысушылар, Сіздердің назарларыңызға, Малшыбай  ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын ұсынамыз. Ескерту, алып-қосарларыңыз болса, айтыңыздар. /Қосымшада жеке ұсынылып отыр/

Уәли Таев  жиналыс төрағасы, кімде қандай ұсыныс, сұрақтар бар?

Ұсыныс, сұрақ жоқ. Олай болса, күн тәртібіндегі екінші сұраққа көшейік.

«Қолдағандар» - 5 адам.

«Қарсы» - 0 адам.

«Қалыс қалғандар» - 0 адам.

Екінші мәселе бойынша, Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының мүшесі Ержас Әшмұханұлы Мейрамов сөз алып, 2026 жылға арналған жергілікті қоғамдастықтың жұмыс жоспарымен таныстырды. (қосымшада).  Жиналғандар бірауыздан мақұлдады.

«Қолдағандар» - 15 адам.

«Қарсы» - 0 адам.

«Қалыс қалғандар» - 0 адам.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, Малшыбай ауылының әкімі  Ерғазы Егізтайұлы Аянбаев сөз алып, жергілікті қоғамдастық мүшелерін Малшыбай ауылының 2026 жылға арналған  бюджеттік өтінімімен таныстырды:

Малшыбай ауылының 2026 жылға арналған бюджетін енгізу қажеттілігі туындап отыр. Сіздерді осы қажетті қаражаттар туралы ақпаратпен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

124.001.015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 38 925,0 мың теңге.

Оның ішінде 159 бағдарлама бойынша:

124.008.015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» - 5522,0 мың тенге.

124.009.015  «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» - 3000,0 мың теңге.

124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» - 3000,0 мың теңге.

124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» - «Малшыбай ауылында 1 га қатты тұрмыстық қалдықтар қоршауын орнату және төрт трансформаторды жерге қосу» - 13244,0 мың теңге.

124.013.015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін ұамтамасыз ету» - 4975,0 мың теңге.

Мұханбетқали Сейтқазин, жергілікті қоғамдастық мүшесі:  Сұратылып отырған қаржылар, керекті жеріне, орынды сұралып отыр. Сондықтан қолдаймын.

«Қолдағандар» - 5 адам.

«Қарсы» - 0 адам.

«Қалыс қалғандар» - 0 адам.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ:

  1. Малшыбай ауылының 2026-2028 жылға арналған даму бағдарламасы мақұлдансын. Бағдарламада көрсетілген бағыттардағы жұмыстардың орындалысы бақылауға алынсын.
  2. 2026 жылға арналған жергілікті қоғамдастықтың жұмыс жоспары бекітілсін.

 

Төраға:                                                                                                 У. Таев

 Хатшы:                                                                                                А.Е. Досанов

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/malshybay-zhezkazgan/documents/details/1086322?lang=kk