Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қостанай қалалық мәслихатының 2026 жылғы 9 қазандағы № 276 "Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімі

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы

 

 

 

 

                       О. Байгабулов

 

КЕЛІСІЛДІ

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй

коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

___________________________ Д. Аскаров

 

2026 жылғы 9 қазандағы

№ 276 мәслихаттың

шешіміне қосымша

                        

      Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

 

Атауы

Есептік бірлік

Теңге

(Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

айына

1 тұрғыннан

663,4

Жайлы емес үйлер

айына

1 тұрғыннан

791,2

Бірлік (көлем) үшін

жылдық тариф

1 м3

4 146,01

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/documents/details/1086320?lang=kk