«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.10.2026 - 23.10.2026
Қабылдау 1 этап: 22.10.2026- 23.10.2026
Қабылдау 2 этап: 27.10.2026
Практикалық бағалау: 28.10.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің бас маманы, D-O-4
Функционалдық міндеттері:
Есептеулерді дайындау: ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша тиісті қаржы жылына арналған бюджет жобасына; ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына штат кестесіне. Ведомстволық бағынысты мекемелер, басқарма аппараты бойынша бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру. Желі, штаттар және контингенттер бойынша ведомстволық бағынысты мекемелер, басқару аппараты бойынша тиісті қаржы жылына жоспар құру. Ведомстволық бағынысты мекемелердің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімді, анықтаманы қарау. Тиісті қаржы жылына ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу. Мәслихат сессиясының шешімі бойынша, ведомстволық бағынысты мекемелердің өтінімдері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, енгізілетін өзгерістердің қорытындысын дайындау. Ведомстволық бағынысты мекемелердің тоқсандық, жылдық есептерін қабылдау. Жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру және жасау. Ашық бюджеттерді қалыптастыру және басқарманың сайтында орналастыру. Мемлекеттік функцияларды орындау, түрлі есептерді дайындау бойынша бизнес-процестерді кешенді автоматтандыру үшін интеграцияланған жүйелерде жұмыс істеу. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын қолдану бойынша ведомстволық бағынысты мекемелерге практикалық және консультациялық көмек көрсету.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика, қаржы, есеп және аудит
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.