Ақпараттық хабарлама
«Bulandy Aqparat» аудандық газеті 2026 жылдың 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын сайлау алдындағы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және барлық келген ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа бетінен орын беру шартын хабарлайды.
Сайлауалды және үгіт материалдарын жариялауға ақы төлеу тәртібі: газеттегі 1 шаршы см. орынның төлемақысы – 300 теңге. Төлем редакция ұсынған есеп-шот бойынша жасалады.
Үгіт мақалаларын жариялау үшін «Бұланды Ақпарат» аудандық газетімен келісім-шарт жасалады.
Келісім-шарттың жасалуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес мерзімдерде басталады.
Үгіт материалдарын «Bulandy Aqparat» газетінің бетінде орналастыру мәселесін редакция материалдардың келу кезегіне қарай дербес шешеді.
Үгіт материалдар редакцияға жариялануы жоспарланған күннен 3 (үш) күн бұрын табыс етіледі. Мазмұндары «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» конституциялық Заң талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдары жарияланбайды.
Сайлауалды және үгіт материалдарды редакцияның мына мекен-жайына ұсынуға (жолдауға) болады: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макин қаласы, Сейфуллина көшесі, 18 Б, тел.: 2-11-63, е-mail: vesti_bulandy@mail.ru.
Директор: Аманжолова А.Е.