Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудандық мәслихаттың «2026-2028 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2026 жылғы 22 желтоқсандағы №297 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 55 739 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 9 735 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 46 004 мың теңге;
2) шығындар – 55 948,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -209,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
209,2 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 209,2 мың теңге.».
00353*
- Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- 3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
|
|
|
Аудандық мәслихат төрағасы: |
|
М.Турымов |