Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 296 «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 191 791 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 74 775 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 952 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 70 665 мың теңге;
трансферттер түсімі – 45 399 мың теңге;
2) шығындар – 213 481,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -21 690,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 21 690,7 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 21 690,7 мың теңге. »;
- Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
00352*
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат төрағасы: |
|
М.Турымов |