Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының
ХАТТАМАСЫ
(сегізінші шақырылым)
Қостанай қаласы 2026 жылғы 9 қазан
Төрағалық еткен: О.К. Байгабулов – Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы.
Қатысқандар: Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары (тізімі қоса беріліп отыр).
Күн тәртібі:
- Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
Ақпарат: Аскаров Даурен Казизович – «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы.
Ақпарат: Жумабеков Бахтияр салимжанович – «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі Қостанай қалалық, округтік және шығып қалғандардың орынына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
Ақпарат: Айжана Эрбулановна Тлеугалеева – «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімінің басшысы.
Дауыс берудің келесі регламенті белгіленді:
Сессияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беруді ұйымдастыру мен дауыстарды есептеуді мәслихат төрағасы жүргізеді. Бірауыздан қабылданды.
«Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. Дауыс беру сессия күн тәртібінің әр сұрағы бойынша жеке жүргізілді. (Шешімі қоса беріліп отыр).
- Мәслихаттың «Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. (Шешімі қоса беріліп отыр).
- Мәслихаттың «Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. (Шешімі қоса беріліп отыр).
- Мәслихаттың «Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі Қостанай қалалық, округтік және шығып қалғандардың орынына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. (Шешімі қоса беріліп отыр).
Қостанай қалалық
мәслихатының төрағасы О. Байгабулов
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы
(сегізінші шақырылымы)
Қостанай қ. 2026 жылғы 9 қазан
Депутаттар тізімі
- Байгабулов Омаргали Кабиевич
- Айтмагамбетова Тоты Абдибековна
- Аймуканов Аралбай Муратович
- Алпысов Арман Амиржанович
- Есмагамбетов Арман Бекмуратович
- Жабаева Меруерт Елшибековна
- Жумабаева Гульшат Тогузбаевна
- Исмаилов Арман Оразалиевич
- Костенюк Надежда Владимировна
- Султангабиев Кайрат Айтпаевич
- Тулетаев Ерлан Серикович
- Усенов Ержан Бауржанович
- Федяшин Михаил Павлович
- Юсупова Асия Жумабековна
Қатыспағандар:
- Дандыбаева Гульфия Тулегеновна – демалыста
- Кудайкулова Гульвира Жазитовна – іссапарда (Лондон)
- Сандыбеков Багитбек Назарбекович
- Шипилкина Светлана Валерьевна – іссапарда (Минск)
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы
(сегізінші шақырылымы)
Қостанай қ. 2026 жылғы 9 қазан
Шақырылғандар тізімі
- Мадияров Айдар Каттаубекович – «ALI Курылыс KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры.
- Мальцева Наталья Николаевна – Қостанай қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.
- Нефёдова Мария Александровна – «Тазалык-2012» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры.