Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының
ХАТТАМАСЫ
(сегізінші шақырылым)
Қостанай қаласы 2026 жылғы 9 қыркүйек
Төрағалық еткен: О.К. Байгабулов – Қостанай қалалық мәслихаты төрағасы.
Қатысқандар: Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары (тізімі қоса беріліп отыр).
Шақырылғандар: мемлекеттік мекемелердің басшылары – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тізімі қоса беріліп отыр).
Күн тәртібі:
- «Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 22 тамыздағы № 147 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат: Татьяна Владимировна Мирнова – «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы-кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы.
- «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 181 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат: Айжана Эрбулановна Тлеугалеева – «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімінің басшысы.
- Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 204 «Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат: Наталья Николаевна Турлубекова – «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Дауыс берудің келесі регламенті белгіленді:
Сессияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беруді ұйымдастыру мен дауыстарды есептеуді мәслихат төрағасы жүргізеді. Бірауыздан қабылданды.
«Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. Дауыс беру сессия күн тәртібінің әр сұрағы бойынша жеке жүргізілді. (Шешімі қоса беріліп отыр).
- Т.В. Мирнованы тыңдады:
Кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамындағы өзгерістерді бекітуді сұраймын. Атап айтқанда, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Бибі Сериковна Қарыбаева және «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бөлімінің бас маманы Нағима Байдрахманқызы Құлсейітова комиссия мүшесі болып енгізілсін.
Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамынан Л.Т. Тлеубаева, Г.А. Оразбаева шығарылсын.
«Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 22 тамыздағы № 147 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. (Шешімі қоса беріліп отыр).
- А.Э. Тлеугалееваны тыңдады:
Ағымдағы жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) енгізілген өзгерістерге сәйкес «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу қажет.
Атап айтқанда, Заңға «25-1. Мәслихат аппараты басшысының құзыреті», онда мәслихат аппараты басшысының функциялары кеңейтілді. Осыған байланысты жоғарыда аталған Ережені жаңа редакцияда бекіту қажет.
«Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 181 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. (Шешімі қоса беріліп отыр).
- Н.Н. Турлубекованы тыңдады:
Жергілікті атқарушы орган бөлімдерінің мемлекеттік сатып алулары бойынша қалыптасқан үнемдеуге, сондай-ақ шығыстарды оңтайландыруға байланысты Қостанай қаласының бюджетін нақтылауды бекіту қажет.
«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 204 «Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. (Шешімі қоса беріліп отыр).
Қостанай қалалық
мәслихатының төрағасы О. Байгабулов
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы
(сегізінші шақырылым)
Қостанай қ. 2026 жылғы 9 қыркүйек
Депутаттар тізімі
- Байгабулов Омаргали Кабиевич
- Айтмагамбетова Тоты Абдибековна
- Аймуканов Аралбай Муратович
- Дандыбаева Гульфия Тулегеновна
- Есмагамбетов Арман Бекмуратович
- Жумабаева Гульшат Тогузбаевна
- Исмаилов Арман Оразалиевич
- Костенюк Надежда Владимировна
- Кудайкулова Гульвира Жазитовна
- Тулетаев Ерлан Серикович
- Усенов Ержан Бауржанович
- Федяшин Михаил Павлович
- Шипилкина Светлана Валерьевна
- Юсупова Асия Жумабековна
Қатыспағандар:
- Алпысов Арман Амиржанович
- Жабаева Меруерт Елшибековна
- Сандыбеков Багитбек Назарбекович
- Султангабиев Кайрат Айтпаевич
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы
(сегізінші шақырылымы)
Қостанай қ. 2026 жылғы 9 қыркүйек
Шақырылғандар тізімі
- Аманкулов Куанышбай Серикович – «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы.
- Аскаров Даурен Казизович – «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Казкеева Мира Бисеновна – «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауылы шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Кенжегарина Зинагуль Кабдешовна – «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Курмангалиева Гулсара Габбасовна – «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы.
- Малых Ольга Аркадьевна – «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысы.
- Манатова Акбопе Рахымжановна – Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.