2026 жылдың 9 айындағы Алматы облысы бойынша өнімдерге бақылау сатып алуды жүргізу қорытындылары
2026 жылдың 9 айында Алматы облысы бойынша тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде өнімдерге бақылау сатып алу жүргізілді.
Бақылау сатып алу барысында өнімнің 619 үлгісі іріктеп алынды, оның ішінде тамақ өнімдері – 328 сынама (53%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 291 сынама (47%). Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша 95 үлгі (немесе 15%) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің шығу тегіне жүргізілген талдау мынадай көріністі көрсетті:
- Бұзушылықтардың негізгі үлесі – 78% (74 үлгі) – үшінші елдерден әкелінген импорттық өнімдерге тиесілі;
- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері 17%-ды (16 үлгі) құрады;
- Отандық өндірушілердің өнімдерінің үлесі – 5% (5 үлгі).
Тауар санаттары бойынша талдау. Салыстырмалы талдау бұзушылықтардың негізгі бөлігі өнеркәсіптік тауарлар сегментінде шоғырланғанын көрсетеді:
- Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың 291 сынамасының 84-і (29%) талаптарға сәйкес келмеді.
- Сонымен қатар тамақ өнімдерінің 328 сынамасының тек 11-інен (3,3%) бұзушылықтар анықталды.
Сәйкессіздіктердің ең жоғары үлесі мынадай санаттар бойынша тіркелді:
- Балалар ойыншықтары – 27%;
- Жеңіл өнеркәсіп өнімдері – 18%;
- Балалар мен жасөспірімдерге арналған киім – 16%;
- Балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлар – 8%;
- Парфюмерлік-косметикалық өнімдер – 7%;
- Тұрмыстық химия тауарлары – 6,3%.
Жедел ден қою шаралары және бақылау. Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне өнімді сатудан алып қою және кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану туралы 19 қаулы шығарылды. Аумақтық басқармалардың мамандары 12 тергеп-тексеру және 10 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша 43 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Облыс бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 110 565 теңгені құрайтын сапасыз өнімнің 32,43 кг сатылымнан алынды. Оның ішінде:
- Құс еті және құс өнімдері, шай – 16 кг;
- Парфюмерлік-косметикалық өнімдер – 5,2 кг;
- Өзге де тамақ өнімдері – 3 кг;
- Тұрмыстық химия тауарлары – 2 кг;
- Балалар ойыншықтары мен киімдері – 3,3 кг;
- Жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ) – 0,5 кг;
- Жеңіл өнеркәсіп өнімдері – 2,43 кг.
Профилактикалық жұмыс
Бақылау іс-шараларымен қатар профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылды. Департамент және оның аумақтық бөлімшелері тұтынушылар мен кәсіпкерлерді ақпараттандыру, консультациялық көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында 164 іс-шара өткізді.