Қармақшы ауданының округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін тағайындау туралы

Қармақшы ауданының округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін тағайындау туралы

  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық  заңының 19-бабы  8-тармағына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы отырысының 2026 жылғы 19 қазандағы №197 хаттамасы негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Қармақшы ауданының №8 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Байтұрсынов Нұрбек Мақсатұлы тағайындалсын.
  2. Қармақшы ауданының №9 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Әмзеев Бекзат Бақытжанұлы тағайындалсын.
  3. Осы қаулы Қармақшы аудандық мәслихатына, №8, №9 округтік сайлау комиссияларына, жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.

Төраға

Р. Ефенов

 

Хатшы

 

Г. Жубаидаев

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

19 қазан 2026 жыл

№АСК-26/267

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/documents/details/1085875?lang=kk