Қармақшы ауданының округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің өз өтініштері бойынша міндеттерін атқарудан босату туралы

Қармақшы ауданының округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің өз өтініштері бойынша міндеттерін атқарудан босату туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Қармақшы ауданының №8 округтік сайлау комиссиясының мүшесі Телеубаев Нұржан Оңғарұлы өз өтінішіне сәйкес міндеттерін атқарудан босатылсын.
  2. Қармақшы ауданының №9 округтік сайлау комиссиясының мүшесі Аймұрзаев Анас Басқынбайұлы өз өтінішіне сәйкес міндеттерін атқарудан босатылсын.
  3. Осы қаулы Қармақшы аудандық мәслихатына, №8, №9 округтік сайлау комиссияларына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.

Төраға

 

Р. Ефенов

Хатшы

 

Г. Жубаидаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

19 қазан 2026 жыл

№АСК-26/266

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/documents/details/1085866?lang=kk