«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.10.2026 - 22.10.2026
Қабылдау 1 этап: 21.10.2026- 22.10.2026
Қабылдау 2 этап: 23.10.2026
Практикалық бағалау: 24.10.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы цифрлық трансформация, жасанды интеллектті және инновациялық жобаларды дамыту бөлімінің бас маманы, D-O-4
Функционалдық міндеттері:
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдарға, мүдделі ұйымдар мен ведомстволарға хаттар, ақпараттықталдамалық материалдар мен есептілік жобаларын дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстар мен жұмыс кездесулеріне материалдар дайындау. Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау. Мемлекеттік процестерді цифрлық трансформациялау жобаларын іске асыруға қатысу. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін құруды, түрлендіруді және дамытуды қамтамасыз ету. Мемлекеттік органның архитектурасын бекіту және оның іске асырылуы мен дамуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін талдау және оларды цифрландыру бойынша ұсыныстар дайындау. Әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді, бастапқы бағдарламалық кодтарды (бар болса) және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ақпараттандыру объектілерінің лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуін конфигурациялау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу бойынша жобаларды талдау және бағалау. Қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жетілдіру және модификациялау бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсыныстар енгізу. Мемлекеттік органдарға бизнес–процестер мен тетіктерді трансформациялау жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу өзара әрекеттесу. Өңірдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен инновациялар саласын дамыту бойынша басшылыққа ұсыныстар мен ұсыныстар енгізу. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, ұсыныстары мен арыздарын қарау, қорытындылар мен жауаптар дайындау. Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың сұраныстарына есептер мен жауаптар дайындау. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік органдардың дерекқорларын әкімшілендіру, қалыптастыру және интеграциялау процестерін үйлестіру. Бөлім құзыреті шеңберінде басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: информатика, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), математика и статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік, электротехника және автоматтандыру, smart City – технологиялар
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.