«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.10.2026 - 22.10.2026
Қабылдау 1 этап: 21.10.2026- 22.10.2026
Қабылдау 2 этап: 23.10.2026
Практикалық бағалау: 24.10.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жастар және отбасы істері жөніндегі бөлімнің бас маманы, D-O-4
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын зерделеу және жүзеге асыруды талдау; жастар қоғамдық бірлестіктеріне, ҮЕҰ-ға жастар саясатын іске асыру, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамыту мәселелерінде әдістемелік көмек көрсету; ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту мәселелері және бөлімнің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ауыл жастарымен, жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау; Ақмола облысы жастарының өңірлік паспортын дайындау; жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету және оларды жұмысқа орналастыру, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және индустрияландыру бағдарламасына жастардың қатысуы мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жүзеге асыру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша кеңестер мен комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындауды қамтамасыз ету; Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендияларын беру бойынша жұмысты ұйымдастыру; жастар қоғамдық бірлестіктерінің дерекқорын қалыптастыру; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша бөлімнің ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерін, талдамалық және ақпараттық материалдарын дайындау; бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және қою; жастармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік құралдарды, анықтамалықтарды, брошюраларды әзірлеу; бөлім құзіреттілігіне қатысты мекемелердің және азаматтардың өтініш, арыз және ұсыныстарын қарастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: тарих, халықаралық құқық, философия, орыс тілі мен әдебиеті, саясаттану, психология, құқықтану, филология, педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын, әлеуметтану, қоғамдық байланыс, шетел тілі: екі шетел тілі, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, журналистика
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.