МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасының Конституциясы
88-бап
3 тармағы:Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
35-бап
- Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
- Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы.
104 бап:
| Партиядан немесе қоғамдық бірлестіктерден ұсынса | Өзін- өзі ұсынса |
| 1. Партия, ҚБ жарғысынан (депутаттыққа ұсыну құқығын берітіндігі туралы) үзінді көшірме;2. саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органы отырысының уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;3. Партияның, ҚБ конференцияның хаттамасынан үзiндi көшiрме;4. Азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiм беру туралы өтiнiшi;5. Өмірбаяндық деректері;6. Кандидаттың жарнасын енгізгенін растайтын құжат (5 еселенген* ең төменгі айлық жалақы мөлшері 85000=425000 теңге);7. Мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғандығы туралы анықтамалары;8. Кандидаттың саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат9. Жеке куәлік көшірмесі анық болуы керек (өзі, жұбайы);10. Диплом көшірмесі;11. Сурет 3*4- 2 дана. | 1. Кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш;2. Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;3. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;4. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (5 еселенген* ең төменгі айлық жалақы мөлшері 85000=425000 теңге).5. Жеке куәлік көшірмесі анық болуы керек (өзі, жұбайы);6. Диплом көшірмесі;7. Сурет 3*4- 2 дана. |